Забур жырлары 41 - Киелі кітап(QazBi2010)

Екінші жазбаҚұдайды аңсау

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)

2Марал қалай аңсаса мөлдір суды,

О, Құдай, жаным солай Сені аңсайды.

3Жаным шын Құдайды іздеп шөліркейді,

Қашан мен Құдайыма бара аламын,

Қашан Оның алдында бола аламын?

4Көз жасымды көл қыламын күндіз-түні,

Себебі адамдар менен күні бойы:

«Құдайың қайда?» деп сұрай береді.

5Сырымды Саған ақтарған кезімде

Мынау бірден түседі менің есіме:

Мен көпшілікті жетелеген едім,

Құдайдың үйіне қарай өрледім,

Мейрамдаған халықпен бірге жүрдім,

Шат-шадыман болып шүкірлік еттім.

6Жан дүнием, неге сен мұңаясың,

Бойымда алаңдап, неге мазасызсың?

Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!

Өйткені Құтқарушымды — өзімнің

Құдайымды мадақтаймын әлі де.

7Мұңаяды ішімдегі жан дүние.

Мен Иордан жағасындағы елде,

Хермон, Мизар тауларының жерінде

Аңсап ойлайтын боламын Сені.

8Сарқыраған суларың долданғанда

Ұласа береді тасқын тасқынға,

Сенің бар суларың, толқындарың да

Мені басып, асып кетіп жатты да.

9Жаратқан күндіз рақым жасап маған,

Мен Оны түнде мақтап, жырлап шығам,

Һәм мінажаттарымды бағыштаймын

Құдайыма Өзіме өмір сыйлаған.

10Маған жар болып келген Құдайдан:

«Неліктен Сен мені есіңнен шығардың?

Неліктен мен қысым көріп жауымнан,

Сонша қайғырып жүрмін?» деп сұраймын.

11Дұшпандарымның табалаған мазағы

Жаныма менің қатты батады,

Себебі олар менен күні бойы:

«Құдайың қайда сенің?» деп сұрайды.

12Жан дүнием, неге сен мұңаясың,

Бойымда алаңдап, неге мазасызсың?

Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!

Өйткені Құтқарушымды — өзімнің

Құдайымды мадақтаймын әлі де.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help