Забур жырлары 149 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдай халқының мадақтау жыры

1Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Жаратқан Иеге жаңа ән-жыр салыңдар,

Сенушілер қауымында Оны мадақтаңдар!

2Шаттан, Исраил, өзіңді Жаратқанға,

Сион халқы қуансын Патшасына,

3Би билеп мадақтасын Оның атын,

Дауылпаз, жетігенмен ән шырқасын!

4Жаратқан өз халқынан рақат табады,

Кішіпейілдерді даңқтап, құтқарады.

5Адал жандар бұл құрметке шаттансын,

Төсекте жатып та қуана ән салсын,

6Аузында Құдайды мақтайтын ән болсын,

Қолдарына екі жүзді семсер ұстасын,

7Бас көтерген ұлттарды соттау үшін,

Қыңыр халықтарды жазалау үшін,

8Олардың патшаларын кісендеу үшін,

Төрелерін темірмен шынжырлау үшін,

9Жазылған үкімдерін орындау үшін.

Бұл — құрмет Оған бағышталғандар үшін.

Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help