1Сонда Әйүп жауап беріп былай деді:
2— Шынымен де нағыз данышпансыңдар-ау! Сендер өлгенде даналық атаулы қалмас, сірә?
3Бірақ менде де өздеріңдікіндей ақыл-сана бар, сендерден кем емеспін. Осы айтқан нәрселеріңді кім білмейді?
4Мен достарымның мазағына айналдым. Құдайға сиынатынмын және Ол маған жауап беретін. Әділ де кінәратсыз болып келемін, әйтсе де күлкіге қалып отырмын.
5Тоқмейілсігендер бақытсыздыққа ұшырағандарға немқұрайды қарап, аяқтары тайғандарын тіпті итеріп те жібереді.
6Халықты құртушылардың мекенінде әлі де тыныштық. Олар Құдайды қаһарландырып келеді, бірақ Ол соларды Өзінің құдіретті қолында ұстайды.Құдайдың өз еркін іске асыратынын жаратылыстан үйренуге болады
7Тек хайуандардан сұрап көр, олар саған үйретеді. Әуедегі құстардан сұра, олар саған айтып береді.
8Немесе жерден сұра, ол да саған көрсетеді. Теңіздегі балықтар да саған білдіреді.
9Осылардың қайсысы Жаратқан Иенің бәрін Өзінің құдіретті қолымен жаратқанын білмейді екен?
10Әрбір тірі мақұлықтың жаны да, әр адам баласының тіршілік лебі де Жаратқан Иенің қолында.
11Адам тамақтың ащы-тұщылығын тілімен ажыратқандай, сөздерді құлағымен сараламай ма?
12«Даналық қарияларда, парасат көп жасағандарда» дейді.
13Ал нағыз даналық пен құдірет тек Құдайда, дана ақыл-кеңес пен парасат та Оның Өзінде.
14Құдай құлатса, ешкім қайта тұрғыза алмайды. Ол тұтқындаса, ешкім босата алмайды.
15Егер Тәңір жаңбыр жібермей қойса, жер беті құрғап, қуаңшылық жайлайды, ал егер еркіне қоя берсе, бүкіл жерді су басады.
16Күш-қуат пен жеңіс те Оның қолында, алданған да, алдаушы да Оның көз алдында.
17Құдай кеңесшілерді ақылынан айырады, билерді де ақымаққа айналдырады.
18Ол патшалардың сәнді белдігін босатады, белдеріне құл іспетті мата байлатады.
19Тәңір жауға діни қызметкерлерді жалаң аяқ айдатып әкеткізеді, билік иелерінің астан-кестенін шығарады.
20Ол сенімге ие болған ақылшыларды тілден айырады, ақсақалдарды парасаттан ада қылады.
21Ол атақтыларды қор қылады, мықтыларды қаруынан айырады.
22Құдай қараңғыда жасырынған ой-ниеттерді ашады, қара түнекті жарыққа шығарады.
23Ол халықтарды ұлы қылып, кейін құртады, олардың жерін кеңейтіп, кейін адамдарын ыдыратып жібереді.
24Тәңір елдің басшыларын ақылдан жұрдай қылады, жолсыз құла түзді кездіріп қояды.
25Олар жарығы жоқ түнекте сипалап жүреді. Тәңір оларды мас адамдай теңселтіп қояды.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
