1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)
«Егер де Жаратқан жар болмағанда, —
Деп Исраил мойындасын әр уақытта, —
2Егер де Жаратқан жар болмағанда,
Адамдар бізге шабуыл жасағанда,
3Бізге қарсы қаһары жалындағанда,
Олар бізді тірідей жұтар еді,
4Су ағымындай басып тастар еді,
Тасқын судай бізді тұншықтырар еді,
5Буырқанған судай басып өтер еді».
6Олардың тістеріне бізді қимаған
Жаратқан Ие мадақталсын әрқашан!
7Аңшының торынан құтылған құстаймыз:
Тор жыртылды, енді міне, біз азатпыз!
8Біз қолдау күтетін бірден-бір есіміміз —
Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
