Забур жырлары 75 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жеңімпаз Құдайға арналған мадақтау

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын Асафтың әні әрі жыры.)

2Құдай танымал Яһуда елінде,

Оның аты қастерлі Исраилде,

3Тұрағы Оның Иерусалимде,

Киелі үйі Сион төбесінде.

4Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін,

Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін.

5Уа, Құдай, аңға толы таулардан гөрі

Сен салтанаттысың әрі құдіретті.

6Тоналды батыл жүректі ер адамдар,

Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар,

Қол көтере алмайды бізге қарсы олар.

7Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,

Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,

Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:

Соғыс күймелері және аттары.

8Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңда

Кім тұра алар еді Сенің алдыңда?

9-10Жердегі бейшара жандарды құтқаруға

Сен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда,

Көктен үкім шығардың күнәкарларға,

Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.

11Пенденің ашуымен де даңқталасың,

Оның қалған ашуын Өзің басасың.

12Ей, айбатты Құдайдың маңындағылар,

Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар,

Әрі соларыңды мұқият орындаңдар,

Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!

13Ол әміршілердің батылдығын жояды,

Жер патшаларының үрейін ұшырады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help