1Адам жүрегінде жоспар құрар,
Ал соның жауабы Жаратқаннан болар.
2Адамға күллі істері жөн іспетті,
Ал Жаратқан Ие тексереді ой-ниетті.
3Жаратушыға сеніп тапсыр бар ісіңді,
Сонда құрған жоспарың болар өнімді.
4Жаратқан Ие бәрін де өз мақсатына сай жасар,
Арамзаны Ол апатты күнге қалдырар.
5Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар,
Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар.
6Рақыммен және шындықпен күнәлар кешірілер,
Жаратқанды шын қастерлейтін күнәдан аулақ жүрер.
7Адамның жолы Жаратқанға ұнаса,
Тату қылар соның жауларын да.
8Ағыл-тегіл арам кірістен гөрі,
Аз болса да адал пайда игі.
9Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар,
Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар.
Ізгі басшылықпен ел өркендер10Патшаның сөзі Тәңірдің шешімі іспетті,
Ол әділ билік айтуға тиісті.
11Адал таразы — Тәңір Иенің талабы,
Өлшеуіш тастарға Ол назар аударады.
12Патшаға зұлымдық жексұрын болар,
Әділдік оның тағын нығайтар.
13Адал тілді патша жақтырар,
Ақиқат айтқанды ол ұнатар.
14Патшаның қаһары — ажалдың жаршысы,
Ал ақылды жан оның қаһарын басады.
15Патшаның жылы жүзі жігерлендірер,
Ризашылығы көктемгі жаңбырдай сергітер.
Ақылдыға естілік — өмір бұлағы16Даналық иемденгенің алтыннан да құнды,
Естілік иемденгенің саф күмістен тиімді.
17Әділдің ақ жолы зұлымдықтан алшақтатар,
Жолына қырағы жан өмірін аман сақтар.
18Менмендік — күйреудің басы,
Асқақтық — құлаудың алды.
19Асқақпен олжа бөліскенше,
Кедеймен кішіпейіл болған артық.
20Ақылмен еңбек еткен игілік табар,
Жаратқанға сенім артқан бақытты болар.
21Жүрегі дананы зерделі дер,
Ұнамды тіл әсерлі тәлім берер.
22Ақылдыға естілік — өмір бұлағы,
Ақылсызға ақымақтық — тартар жазасы.
23Дананың ақылы сөзін де дана қылар,
Ол аузынан тәлімді сөз шығарар.
24Ұнамды сөз балдай тәтті,
Жаныңа жағымды, тәніңе шипалы.
25Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар,
Ақырында олар ажалға бастап апарар.
26Тәбеті жұмысшыға жұмыс істетер,
Аштығы оған еңбек еткізер.
27Сұрқия адам зұлымдық ойлайды,
Айтқан сөзі жалындай жалмайды.
28Арамза араздық туғызар,
Өсекші достарды айырар.
Адамның ой-ниеті әшкере болар29Зорлықшыл адам жолдасын аздырар,
Еліктіріп оны теріс жолға салар.
30Көзін сығырайтатын сұмдық ойластырар,
Ернін жымқыратын зұлымдық дайындар.
31Ағарған шаш — салтанатты тәж,
Ақ жолмен жүрген соған қол жеткізер.
32Қуатты жасақшыдан сабырлы жан артық,
Қаланы басып алғаннан ұстамды жан артық.
33Лақтырған жеребең алдыңа түсер,
Оның шешімін Жаратқан Ие берер.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
