1Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді:
2«Исраилдіктерге мына бұйрықты жеткіз: Сендер Қанахан еліне кіргенде, мұралық меншіктерің болатын Қанахан елі мен оның шекаралары мынау болады:
3Елдеріңнің оңтүстік бөлігі Сін даласынан басталып, Едомның шекарасын бойлай орналасатын болады. Сендердің оңтүстік шекараларың шығыстағы Өлі (Тұзды) теңіздің шетінен басталады.
4Содан соң шекара оңтүстікке бұрылып, Шаяндар асуынан өтіп, Сін (даласы) арқылы Қадеш-Барнидің оңтүстік жағына дейін жетеді. Содан шекара Хасар-Адарға, одан әрі Асмонға қарай ұласып,
5Асмоннан Мысырмен шекарадағы өзенге қарай бұрылып, сол арқылы үлкен теңізге дейін жетіп аяқталады.
6Елдің батыс шекарасы — Жерорта теңізінің жағалауы. Сендердің батыс шекараларың, міне, осы.
7Солтүстік шекараларың үшін Жерорта теңізінен (солтүстіктегі) Һор тауына дейін,
8ал Һор тауынан Лебо-Хаматқа дейін шек белгілеңдер. Сол жерден шекара Седадқа дейін жететін болады.
9Одан әрі шекара Сифронға қарай жалғасып, Хасар-Енанда бітеді. Сендердің солтүстік шекараларың, міне, осы.
10Шығыс шекараларың үшін Хасар-Енаннан оңтүстікке қарай Шефамға дейін шекара белгілеңдер.
11Шекара Шефамнан Аинның шығысындағы Риблаға дейін созылып, Кінерет (яғни Ғалилея) көлінің шығысындағы қыраттардың үстімен өтеді.
12Одан Иордан өзенінің бойымен Өлі теңізге дейін жетіп аяқталады. Өздеріңе тиісті елдерің және оның жан-жағындағы шекаралары, міне, осылар болады».
13Мұнан кейін Мұса исраилдіктерге өсиеттеп бұйрық беріп былай деді: «Иордан өзенінің арғы жағына өтіп, сонда қоныстанайын деп жатқан тоғыз ру мен бір рудың жартысына Жаратқан Иенің жеребе арқылы үлестіріліп берілсін деп бұйырған жері — осы.
14Себебі Рубен, Ғад рулары және Манаса руының жартысы өздерінің меншікті жерлерін өз әулеттері бойынша
15Иерихонның маңынан өтетін Иордан өзенінің шығыс жағынан алып қойды».
Елді үлестіруге тағайындалған басшылар16Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
17«Сендерге елді мұралық меншіктеріңе үлестіріп беретін адамдардың есімдері мыналар: діни қызметкер Елазар және Нұн ұлы Ешуа.
18Елді үлестіріп беруге көмектесу үшін әрбір рудан бір-бір жетекшіден тағайындаңдар.
19Сол адамдардың есімдері мыналар: Яһуда руынан Ефунне ұлы Халеп,
20Шимон руынан Амихуд ұлы Самуил,
21Бунямин руынан Қислон ұлы Елидад,
22Дан руынан жетекшісі Жоғли ұлы Буки,
23Жүсіптің ұлдарынан тараған екі рудан Манаса руынан жетекшісі Ефод ұлы Ханиел,
24Ефрем руынан жетекшісі Шифтан ұлы Кемуел,
25Забулон руынан жетекшісі Парнах ұлы Елзапан,
26Исашар руынан жетекшісі Аззан ұлы Палтиел,
27Ашир руынан жетекшісі Шеломи ұлы Ахихуд,
28Нафталим руынан жетекшісі Амихуд ұлы Педахил».
29Жаратқан Ие исраилдіктерге Қанахан елінде мұралық жерлерін үлестіріп беруге осы адамдарды тағайындады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.