Забур жырлары 73 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдай халқының жау қиратқан елі үшін мінажат

1(Асафтың насихат жыры.)

Уа, Құдай, неге бізден біржола бас тарттың,

Неліктен өрши түседі қаһарың

«Қойларыңа» қарсы «отарыңдағы» Сенің?

2Өзің таңдап алған ежелгі заманда

Халқың екенімізді есіңде сақташы:

Сенің босатқан ұлтыңбыз, меншігің айрықша.

Сиондағы тұрағыңды да ұмытпашы:

3Ежелде қираған қаланы аралашы,

Жау түгел жойған мекеніңді қарашы.

4Бізбен кездескен орныңда жауың шулады,

Таңбасын тігіп киелі жерде паңданды.

5Орманда ағаш кескендер сияқты

Кіреберіс қақпаларды шапқылады,

6Айбалта, шоттарымен қиратып тастады

Өрнектеліп ойылған тақтайшаларды.

7Жау киелі үйіңді өртеп, талқандады,

Сенің атыңдағы мекенді арамдады,

8«Соларды біржола құртамыз!» деп шешті,

Елдегі Саған сиынатын жерлерді,

Уа, Құдай, олар түгел өртеп жіберді.

9Еш көрмейміз өзімізді құтқаруыңды

Белгілейтін Сенің керемет істеріңді.

Пайғамбар жоқ бізге хабарыңды жеткізуші,

Әрі жоқ пәленің қашан бітетінін білуші.

10Уа, Құдай, дұшпан мазақтай бермек қашанғы,

Жау ұдайы қорлай бермек пе атыңды?

11Неге құдіретті қолыңды тұрсың тартып?

Жұмсашы оны, оларды соғып та құртып!

12Уа, Құдай, ежелден-ақ Сен патшамсың,

Жерде ғажап істермен құтқарасың:

13Өз құдіретіңмен теңізді қақ жардың,

Дәу су мақұлықтарының бастарын жойдың,

14Алып хайуанның бастарын мыжыдың,

Өлігін жыртқыш аңдарға жем қылдырдың,

15Көздер мен бұлақтарды ашып ағыздың,

Ешқашан суалмас өзендерді суалттың.

16Күндіз бен түнге Өзің билік құрасың,

Күн мен басқа аспан шырақтарын жараттың,

17Жер бетінің бар шектерін Сен бекіттің,

Жаз бен қыс мезгілдерін де белгіледің.

18О, Жаратқан, есіңе алшы дұшпанның мазағын,

Зердесіз ұлттың өз есіміңді қорлағанын.

19Жыртқышқа «көгершініңнің» жанын қимашы,

Бейшара халқыңды мәңгілік ұмытпашы.

20Жеріміз қара түнек пен зорлыққа толы,

Жасаған Келісіміңе енді ден қойшы,

21Қаналған жандар қорлана шегінбесін,

Қайта, жарлы-жақыбайлар атыңды дәріптесін!

22Уа, Құдай, көтеріліп, ісіңді қорғай көрші,

Күнде ессіздің Өзіңді қорлағанын ескерші:

23Жауларыңның айқайын ұмыта көрме,

Саған қарсы шыққандардың шуы күшеюде.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help