Забур жырлары 82 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдайдан мықты жаулардан құтқаруын сұрау

1(Асаф сөзін жазған ән әрі жыр.)

2Уа, Құдайым, үндемей қала берме,

Тіл қатпастан тып-тыныш бола көрме,

3Себебі жауларың у-шу көтеруде,

Сені жек көретіндер өркөкіректенуде.

4Халқыңа қарсы олар сұмдық ойласуда,

Өзіңе қымбат жандарға қарсы ақылдасуда:

5«Кәне, құртайық оларды ұлттар арасынан,

Исраил аталмасын енді қайтып ешқашан».

6Бірауыздан олар сөз байласып

Жатыр, Саған қарсы одақ құрып:

7Шатырларда тұрған едомдықтар,

Ысмағұлдық, моабтық, ажарлықтар,

8Гебалдық, аммондық, амалектіктер,

Тирдің тұрғындары мен філістірлер.

9Ассурдың халқы да оларға қосылды,

Луттың ұрпақтарына қолдаушы болды.

10Сен ежелде Мадиян тайпасына,

Сисара мен Ябинге Қишон аңғарында

Істегеніңдей істеші жауларымызға!

11Сол байырғылар Ендорда талқандалды,

Төгілген қи-қоқыстай жерге тапталды.

12Істеші жаулардың әміршілеріне

Ежелде істегеніңдей Ориб пен Зипке,

Істеші олардың бар көсемдеріне,

Өзің істегеніңдей Салман мен Зебейге,

Өйткені жау былай деді біз жөнінде:

13«Құдайдың мекендерін иемденейік,

Жайылымдарын қолға түсірейік!»

14Зұлымдарды етші құйын соққан тозаңдай,

О, Құдайым, жел ұшырған сабандай

15Әрі от жалмап қойған ормандай,

Жалын күйреткен қырат басындай.

16Дұшпанды қуып шықшы елден құйыныңмен,

Дүрбелеңге түсірші Өзіңнің дауылыңмен,

17Уа, Жаратқан, жауды қара бет қылып масқарала,

Олар Саған бұрылып, сиынсын атыңа.

18Ал қыңырлары лайым қысылып абыржысын,

Олар қорланып, ақырында өлім құшсын,

19Жаратқан Ие деп аталған жалғыз Сенің

Бүкіл жер бетіне билік жүргізетін

Хақ Тағала екеніңді барлығы білсін!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help