Нақыл сөздер 18 - Киелі кітап(QazBi2010)

1Саяқ жан қара басын ойлар,

Даналық атаулыға қарсы шығар.

2Ақымақ парасатты жек көрер,

Өз ойын білдіруді жақсы көрер.

3Зұлым өзімен асқақтық әкелер,

Ұятты қылыққа масқара ерер.

4Адамның сөзі — тұңғиық судай,

Даналық көзі — тасқынды бұлақтай.

5Соттау әділді, қолдау арамды —

Әділетсіз соттың қылығы.

6Ақымақтың тілі жанжал туғызар,

Аузымен өзіне жаза тартқызар.

7Өз аузы ақымақты ажалға бастар,

Өз тілі жанына тұзақ құрар.

8Өсекшінің сөзі сондай дәмді,

Ішіңе кіріп, баурайды жан дүниеңді.

9Жұмысына немқұрайды —

Ысырапшылдың ағайыны.

10Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара,

Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.

11Байдың байлығы алынбас қамалдай,

Өз қиялында заңғар дуалдай.

12Адам құлар алдында асқақ болар,

Абыройы асар алдында кішіпейіл болар.

13Тыңдамай жатып жауап қайтарған —

Масқара болатын ақылсыз жан.

14Адамның қиналысына өз рухы төзер,

Ал рухы күйрегенге кім дем берер?

15Зерделінің санасы білімді иемденер,

Дананың құлағы білімді іздей берер.

16Сый-тартуы берушінің жолын ашар,

Әкімдер алдына дейін апарар.

17Бірінші боп дауласқандікі жөн көрінер,

Ал қарсыласы келіп, сауал қойып тексерер.

18Жеребе тастау дау-жанжалды басар,

Мықты қарсыластарды ол ажыратар.

19Ренжіген ағайын — бекітілген қаладай,

Дауласқан адамың — бекітілген қамалдай.

20Тілінің жемісімен адам қарнын тойдырар,

Сөзінің өнімімен жанын тойындырар.

21Тілде өмір мен өлімнің билігі болар,

Сөзге үйір соның жемісін татар.

Адал дос — құн жетпес қазына

22Әйел алған — береке тапқан,

Жаратқан Иенің жарылқауын алған.

23Мұқтаж адам жалына сөйлер,

Бай оған дөрекі жауап берер.

24Бірін-бірі күйреткен доссымақтар бар,

Шынайы дос ағайыннан жақын болар.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help