Әйүп 8 - Киелі кітап(QazBi2010)

Билдадтың Әйүпті Құдайға қайта бет бұруға шақыруы

1Сонда шуахтық Билдад Әйүпке былай деп жауап берді:

2— Қашанғы осы әңгімеңді соза бересің? Айтқан сөздерің ғаламат дауылдай бұрқырауда.

3Құдай әділдікті бұрмалайтын ба еді? Құдіреті шексіз Тәңір дұрысты бұрыс қылатын ба еді?

4Керісінше, балаларың Оған қарсы күнә жасаған болса керек. Содан Құдай оларға теріс қылықтарының зардабын шеккізді.

5Ал енді, Құдайға шын жүректен бет бұрып сиын, құдіреті шексіз Тәңірден рақым етуін жалбарына өтін,

6әрі әділ де кінәратсыз таза жүр! Егер солай істесең, онда Ол, әрине, сен үшін іс қылып, мекеніңде әділдікті қайтадан орнықтырады.

7Бұрын шағынға ие болғанмен, соңындағың көл-көсір асып-тасып жатады.

Күнәкардың тартар жазасы әрі әділдің бақытты өмірі жайлы

8Тек аға буын ұрпақтан сұрастырып біліп, олардың ата-бабаларының ізденісінің нәтижелеріне назар салсаң екен.

9Біздің дүниеге келгеніміз кеше ғана, ештеңе білмейміз ғой. Жер бетіндегі өміріміз көлеңкедей өткінші.

10Ал бұрынғы ұрпақтардан тәлім ала аласың. Олардың жан дүниелерінде сақталған дана сөздерінен ғибрат таба аласың.

11Құрақ батпақсыз биіктеп өсе ала ма? Әрі қамыс сусыз жерде жайқала ма?

12Су тартылса, олар әлі де жасыл күйде тұрғанмен, басқа шөптен тез қурайды.

13Құдайды ұмытқандардың тағдыры да осындай, арсыз адамдардың үміті ақталмайды.

14Олардың сенім артқандары әлсіз де үзілгіш, сүйенгендері өрмекшінің торындай сенімсіз.

15Сондай адам өрмегіне сүйенсе, ол шыдамайды, егер мықтап ұстаса, ол төзбейді.

16Зұлым жан күн көзінде, жақсы суарылған жерде жайқалып өсіп тұрған өсімдікке ұқсайды. Ол өркендерін бүкіл бақтың ішіне жайып жібереді.

17Оның тамырлары үйілген тастарды орап алып, тастақ жерді қармап, жақсылап бекінеді.

18Ал егер өсімдік сол жерінен жұлынып тасталса, сол орында ешқашан болмағандай жоғалады.

19Біліп қой, оның өркендеуі осылай аяқталады. Сол топырақтан басқа өсімдіктер өсіп шығады.

20Құдай, әрине, кінәратсыз адамнан бас тартпайды, зұлымның істегендерін де қолдамайды.

21Ол әлі де аузыңды күлкіден жиғызбай, көмейіңнен шаттық үніңді сыңғырлайтын қыла алады.

22Ал сені жек көретіндер масқараға қалады, зұлымдардың мекендері құритын болады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help