1Жаратқан Ие ізгі, Оны мадақтаңдар,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
2«Тәңірлерден» жоғары Құдайды мақтаңдар,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
3Иелердің Иесін мадақтаңдар,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
4Жалғыз Өзі ұлы кереметтер жасайды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
5Ол көкті даналықпен жаратты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
6Жер бетін теңіз суынан жоғары орнатты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
7Аспанда үлкен шырақтар жаратты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
8Күндізді билейтін күнді жаратты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
9Түнді билейтін ай мен жұлдыздарды жаратты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
10Ол Мысырды жазалап тұңғыштарын құртты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
11Сол елден Исраилді бастап алып шықты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
12Мұны зор құдіретімен жүзеге асырды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
13Қамысты теңізді қақ айырды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
14Ортасымен Исраил халқын алып шықты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
15Перғауын мен әскерін теңізге батырды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
16Ол өз халқын иен даламен бастап жүрді,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
17Ұлы патшаларға соққы берді,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
18Күшті патшалардың көзін құртты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
19Аморлықтар патшасы Сихонды жойды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
20Әрі Башан патшасы Огты да жеңді,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
21Олардың жерлерін иелікке тапсырды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
22Құлы Исраилге мұралыққа табыстады,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
23Нашар халімізде бізді назарында ұстады,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
24Жауларымыздың қолынан құтқарды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
25Ол барлық жан иелерін тамақтандырады,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
26Көктегі Құдай Иені мадақтаңдар,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
