Шежірелер 1-ж. 7 - Киелі кітап(QazBi2010)

Исашар руының шежіресі және жасақшылары

1Исашардың ұлдары: Тола, Пуа, Яшуб, Шимрон, барлығы төртеу.

2Толаның ұлдары: Ұззи, Рефаях, Ериел, Яхмай, Ибсам, Самуил. Олар өз әулеттерінің басшылары болды. Дәуіттің патшалық құрып тұрған кезінде Толаның ұрпақтарынан шыққан, шайқасқа жарамды ер адамдардың саны шежірелерінде жиырма екі мың алты жүз болып тіркелген.

3Ұззидің ұлы: Израқиях. Израқияхтың ұлдары: Михайл, Абадиях, Жоел, Ишиях. Олардың бесеуі де әулет басшылары болды.

4Бұлардың әйелдері мен балалары көп болғандықтан, әулеттерінде шежірелеріне сәйкес отыз алты мың шайқасқа жарамды ер адам болды.

5Шежірелердегі жазбаларға сәйкес, Исашар руындағы әулеттердің шайқасқа жарамды ер адамдарының барлығы сексен жеті мың болды.

Бунямин руының бірнеше әулеттері және жасақшылары

6Буняминнің үш ұлы: Бела, Бехер, Едияил.

7Беланың ұлдары: Есбон, Ұззи, Ұзиел, Еримот, Ири. Бесеуі де әулет басшылары болды. Олардың шежірелерінде шайқасқа жарамды жиырма екі мың отыз төрт ер адам тіркелген.

8Бехердің ұлдары: Земирах, Жоғас, Елиезер, Елиохенай, Амри, Еремот, Абиях, Анатот, Алемет. Бехердің осы ұлдарының

9шежірелерінде әулеттердің басшылары және шайқасқа жарамды жиырма мың екі жүз ер адам тіркелген.

10Едияил ұлы Билханның ұлдары: Егуш, Бунямин, Ехуд, Хенағана, Зетан, Тарсис, Ахишахар.

11Едияилдің осы ұлдарының барлығы әулет басшылары болды. Әулеттерінде шайқасқа жарамды он жеті мың екі жүз ер адам болды.

12Шупим мен Хупим Ирдың, ал Хушим Ахердің ұрпақтары болды.

Нафталим руының негізі

13Нафталимның ұлдары: Яхсиел, Гуни, Есер, Шилем. Бұлар Рахиланың күтуші күңі Балханың ұрпақтары болды.Манаса руының Башандағы жартысының шежіресі

14Манасаның ұрпақтары: Манасаның арамалық кәнизагы Асриел мен Махырды туды. Махыр Ғилақадтың әкесі болды.

15Махыр Хупим мен Шупимнің қарындасы Махаға үйленді.

Манасадан тараған тағы бір ұрпақтың аты: Салопахад; оның тек қыздары болды.

16Махырдың әйелі Маха ұл туып, атын Переш деп қойды. Оның інісінің аты: Шереш. Шерештің Ұлам мен Рекем есімді ұлдары болды.

17Ұламның ұлы: Бедан. Осылар Манасаның ұрпағы Махыр ұлы Ғилақадтың ұрпақтары болып саналды.

18Махырдың қарындасы Молехет Ишход, Әбиезер, Махланы туды.

19Шемиданың ұлдары: Ахиан, Сихем, Лихи, Аниям.

Ефрем руының шежіресі және мекендері

20Ефремнің ұрпақтары: Ефремнің ұлы Шутелахтан Беред, Бередтен Тахат, Тахаттан Елеада, Елеададан Тахат,

21Тахаттан Зауад, Зауадтан Шутелах тарады.

Езер, Елеад есімді екі ер адамды Ғат қаласының жергілікті тұрғындары өлтіріп тастады. Екеуі олардың малдарын айдап алып кетуге сонда ылдилап барған еді.

22Әкелері Ефрем сол екеуін ұзақ уақыт жоқтап, ағайындары оны жұбатуға келді.

23Ефрем әйелімен жақындасып, әйелі жүкті болып, ұл туды. Шаңыраққа түскен бақытсыздыққа бола, әкесі осы ұлының атын Бериях («Бақытсыздықта») деп қойды.

24Ефремнің Шегера есімді қызы Төменгі және Жоғарғы Бет-Хорон әрі Уззен-Шегера атты қалалардың негізін салды.

25(Ефремнің үрім-бұтағындағы Шутелахтан өрбіген өзге ұрпақтар: Шутелахтан) Рефах, одан Решеп, одан Телах, одан Тахан,

26одан Лағдан, одан Амихуд, одан Әлишама,

27одан Нұн, одан Ешуа.

28Ефрем руының иемденген жері мен қоныстары (оңтүстігінде) Бетел мен оған қарасты елді мекендерді, шығысында Нағаранды, батысында Гәзер мен оған қарасты елді мекендерді, солтүстігінде Сихем мен оған қарасты елді мекендерді әрі Аиях пен оған қарасты елді мекендерді қамтыды.

29Ефремнің Манаса руының жерімен шекарасында Бет-Шан, Тағанах, Мегидо, Дор қалалары және оларға қарасты елді мекендер орналасқан еді. Осы қалаларда Исраил ұлы Жүсіптің ұрпақтары қоныстанды.

Ашир руының шежіресі және жасақшылары

30Аширдің ұлдары: Имна, Ишуах, Ишуи, Бериях; олардың әпке-қарындасы: Серах

31Берияхтың ұлдары: Хебер, Малхиел; Малхиелдің ұлы: Бирзаит.

32Хебердің ұлдары: Яплет, Шомер, Хотам; олардың әпке-қарындасы: Шуа.

33Яплеттің ұлдары: Пасах, Бимхал, Ашуат.

34Шомердің ұлдары: Ахи, Рохга, Ихуба, Арама.

35Оның бауыры Хелемнің ұлдары: Софах, Имна, Шелеш, Амал.

36Софахтың ұлдары: Суах, Харнефер, Шуал, Бери, Имра,

37Бесер, Ход, Шамма, Шилша, Итран, Бегера.

38Етердің ұлдары: Ефунне, Писпа, Ара.

39Улланың ұлдары: Арах, Ханиел, Рисиях.

40Осылардың барлығы: Аширден тараған ұрпақтар. Олар әулеттердің басшылары, таңдаулы да мықты жауынгерлер және жетекші басшылар болатын. Ашир руының шежірелеріне сәйкес, шайқасқа жарамды ер адамдарының саны жиырма алты мың болды.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help