1(Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне арналған.)
2Уа, Ием, жауларым сонша көбейді,
Көп адам маған қарсы көтерілді.
3Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»
Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.
4Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,
Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.
5Жаратқанға дауыстап жалынам,
Ол жауап береді киелі тауынан.
6Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам,
Содан оянып, тұрамын қайтадан,
Себебі мені қорғайды Жаратқан.
7Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан
Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.
8Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы,
О, Құдайым, мені құтқарсаңшы!
Сен жағынан ұрып күллі жауларымды,
Күшінен айырасың сол зұлымдарды.
9Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің,
Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
