Забур жырлары 65 - Киелі кітап(QazBi2010)

Бар халықтар, Құдайды мадақтайық!

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған ән әрі жыр.)

Бар әлем, Құдайға қуана дауыстаңдар,

2Оның есімін дәріптеп жырлаңдар,

Зор ұлылығының даңқын шығарыңдар!

3Құдай алдында былай деп айтыңдар:

«Қандай керемет Сенің іс-әрекетің,

Һәм қандай ұлы Сенің құдіретің,

Жауларың Сенің алдыңда бойсұнады,

4Бүкіл жер Саған бас иіп сиынады,

Саған арнап мақтау жырларын айтады,

Есіміңді мадақтап ән салады».

5Келіп, Құдайдың істерін көріңдер,

Адамдар үшін Ол істейді кереметтер:

6Құдай теңізді айналдырды құрлыққа,

Оның халқы жаяу өтті арғы жаққа,

Сонда қатты қуандық Құдайымызға.

7Ол құдіретті күшімен мәңгі билейді,

Халықтарды әрдайым бақылайды,

Қыңырдың бас көтеруіне жол бермейді.

8Халықтар, Құдайымызды мақтаңдар,

Қатты дауыспен Оны мадақтаңдар!

9Ол жанымызды аман-есен қорғайды,

Аяғымызды сүрінуден сақтайды.

10Уа, Құдай, Сен сынақтан бізді өткіздің,

Күмісті балқытқандай тазарта бердің,

11Тұзаққа түсіріп бізді құлаттың,

Арқамызға құлдықтың жүгін арттың,

12Адамдарды басымызға шығардың,

Оттан да, судан да бізді өткіздің,

Ал ақыры молшылыққа жеткіздің.

13-14Қасірет кезінде аузымнан шыққан,

Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,

Саған берген сертімді іске асырамын,

Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын.

15Саған арнап семіз малдарды шаламын,

Қошқар майын өртеп, жұпарын шығарамын,

Бұқалар мен ешкілерді де ұсынамын.

16Ей, Құдайымызды қастерлейтіндер,

Барлығың келіп, құлақ түріңдер.

Оның маған істегенін сендерге айтамын.

17Мен Құдайға дауыстап сиындым,

Аузымменен Оның даңқын шығардым.

18Жүректе бар күнәмнан бас тартпасам,

Дұғама құлақ салмас еді Жаратқан.

19Расында Құдай құлақ түрді маған,

Сиынғанымда даусым жетті Оған.

20Мінажатымнан менің бас тартпаған,

Мейірімін менен алып қоймаған

Құдайымыз мадақталсын әрқашан!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help