Езекиел 15 - Киелі кітап(QazBi2010)

Иерусалимнің пайдасыз жүзім бұтасымен салыстырылуы

1Кейін Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:

2«Ей, пендем, ормандағы ағаштардың бұтақтарына қарағанда жүзім бұтасының бұтақтары пайдалырақ па?

3Жүзім бұтасының ағашын бір нәрсе жасауға пайдалана ма? Одан ең болмағанда заттарды іліп қоюға болатын ілгіш жасауға бола ма?

4Жоқ, оны отын ретінде ғана пайдаланады. Алайда оны отқа тастағанда, лезде-ақ екі шеті жанып, ортасы күйіп кетеді. Бұдан кейін ол пайдаға аса ма?

5Ол тұтас күйінде пайдаға аспағанда, отқа өртеніп, күйіп кеткен соң оның пайдасы қандай болмақ?!»

6Осылай болғандықтан, Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Орман ағаштарымен салыстырғанда жүзім бұтасының ағашы өзге пайдаға аспай, отқа жануға тасталады. Сол сияқты, Мен пайдаға аспаған Иерусалим халқына да солай жасамақпын:

7оларға назар аударып қарсы шығамын. Иерусалимдіктер тіпті апаттың отынан қашып құтылып шықса да, от оларды бәрібір жалмап қояды. Мен оларға осылай қарсы шыққан кезде сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.

8Халық Маған опасыздық жасай бергендіктен, Мен осы елді қаңыратып бос қалдырамын!» — Жаратушы Тәңір Ие осыларды нық айтады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help