1(Дәуіттің жыры.)
Жаратқан Ием — менің Бағушым,
Мен еш нәрседен де тарықпаймын.
2Ол мені жасыл жайлауға жаяды,
Тұнық суға жетелеп апарады.
3Ием жаныма күш дарытады.
Есімі «Қасиетті» деп аталады,
Содан артамын Оған сенімімді:
Ол мені тура жолмен жетелейді.
4Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,
Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,
Себебі Өзің менің қасымдасың,
Жігер береді сойылың мен таяғың.
5Сен маған дастарқан жаясың
Көз алдында дұшпандарымның,
Мені құрметпен қарсы аласың,
Тостағанды толтыра құясың.
6Жақсылық пен мейірімділік
Үлесім болады өмірлік,
Жаратқан Иенің үйінде
Мен қала беремін мәңгілік.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
