Забур жырлары 143 - Киелі кітап(QazBi2010)

Елінің амандығын сұраған патша мінажаты

1(Дәуіттің жыры.)

Даңқталсын құздай нық қорғаным — Жаратқан!

Қолдарымды соғысқа Ол жаттықтырған,

Саусақтарымды шайқасқа дайындаған.

2Ол — рақымның қайнары әрі қамалым,

Мықты мұнарам әрі құтқарушым,

Қалқандай қорғаушым әрі баспанам,

Халқымды Ол билігіме тапсырған.

3Уа, Ием, Сен ескеретіндей адам сонша кім,

Өзің қамқорлайтындай адам баласы кім?

4Алған деміне ғана ұқсайды адам,

Өткен көлеңкедей күндері қысқарған.

5Көкті қақ жарып, уа, Ием, төменге түсші,

Түтін шықсын деп тауларға қол тигізші,

6Найзағай жарқылдатып, жауды шашыратшы,

Жебелер атқылап оларды қиратшы,

7Қолыңды көктен созып мені құтқаршы,

Топан судай мол жат жұрттан азат қылшы,

8Өтірікке лық толған өз ауыздары,

Алдамшы да олардың берген анттары.

9Уа, Құдай, Өзіңе жаңа ән саламын,

Он ішекті жетігенмен күй тартамын.

10Патшаларға Сен жеңісті сыйлайсың,

Қызметшің Дәуітті аман сақтайсың.

11Ажалды семсерден мені құтқаршы,

Жат жұрттың қолынан азат қылшы,

Өтірікке лық толған өз ауыздары,

Алдамшы да олардың берген анттары.

12Жастық шақтан өсіре гөр ұлдарымызды

Жақсы өңделген дала дақылдары сықылды,

Қыздарымыз болсын безендірген сарайдағы

Әсемдеп өрнектелген бағана сияқты.

13Қоймамыз лайым толы бола берсін

Алуан түрімен азық-түліктің,

Малдарымыз мың-мыңдап көбейсін,

Жайылымда оң мыңдап молайсын,

14Өгіздеріміз ауыр жүктен арылмасын,

Қамалдарымыз ешқашан жарылмасын,

Ешбір жау бізді тұтқынға айдамасын,

Көшеде зар жылаған дауыс шықпасын!

15Осындай тілектері іске асқан

Әрбір халық қандай жарылқанған!

Құдайы — Жаратқан Иеге сиынған

Әрбір халық қандай жарылқанған!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help