Забур жырлары 86 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдайдың таңдаған қаласын қамқорлауы

1(Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.)

2Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда,

Сионның қақпалары ұнамдырақ Жаратқанға

Жақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.

3Уа, Құдайдың қаласы, сен жайында

Керемет жақсы жайттар айтылуда.

4Өзімді танып білетіндер арасынан

Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын,

Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын:

«Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын.

5Жұрт былай демек Сион қаласы жайында:

«Осындай да осындай ер туған мұнда,

Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».

6Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды:

«Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады.

7Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде:

«Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help