1Сүлейменнің бірсыпыра нақыл сөздері:
Ақылды бала — әкесінің сүйініші,
Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.
2Арам байлық пайдалы болмайды,
Ал әділдік ажалдан сақтайды.
3Әділдің аш жүруіне Жаратқан жол бермес,
Зұлымның аңсағанын беруді Ол қош көрмес.
4Жалқау қол жарлы қылар,
Іскер қол дәулетті қылар.
5Жазда өнім жиған — ақылды бала,
Орақ кезінде ұйықтаған — арсыз бала.
6Әділ жан жарылқауға ие болар,
Зұлымның аузы зорлығын жасырар.
7Әділді есіне алған жұрт шүкір етер,
Ал зұлымның есімі құрып кетер.
8Дана жан нұсқауды жылы қабылдар,
Надан өз сөзінен сүрініп құлар.
9Таза жүрген аман жүрер,
Қисық жолдағы әшкереленер.
10Көзін қысып белгі берген ыза келтірер,
Ал мылжың бос сөзінен жапа шегер.
11Әділдің аузынан өмір қайнар,
Зұлымның аузы зорлығын жасырар.
12Өшпенділік араздық туғызар,
Сүйіспеншілік бар күнәні жабар.
13Зерделінің аузынан даналық шығар,
Парасаттан бас тартқан жазасын тартар.
14Данышпан білімін сақтап қояр,
Ақымақ аузымен пәле шақырар.
15Байдың қорғаны — өз байлығы,
Жарлының пәлесі — өз жоқшылығы.
16Әділдің өнімі — өмірге,
Зұлымның табысы — күнәға.
17Тәрбиеге мойынсұнған жан өмірге жол бастар,
Ал ескертуді елемейтін өзгені де азғырар.
18Қастығын жасырғанның тілі жалған,
Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.
19Сөзуар құтыла алмас күнәдан,
Ал ақылды өз аузына ие болған.
20Әділдің тілі — таңдаулы күміс,
Зұлымның ниеті — түкке тұрғысыз.
21Әділдің тілі көпке ақыл берер,
Наданның зердесіздігі өз түбіне жетер.
Жаратқан Иені қастерлеу ғұмырды ұзартар22Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар,
Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.
23Зердесізге зұлымдық ләззат,
Зерделіге даналық ләззат.
24Арам жан қорыққанына тап болар,
Әділдің аңсағаны орындалар.
25Құйын өтіп кетсе арамза ғайып болар,
Ал әділдің негізі мәңгі берік болар.
26Қышқыл тіске, түтін көзге кесел,
Жалқау өзін жұмсағанға кесел.
27Жаратқанды шын қастерлеу ғұмырды ұзартар,
Ал зұлымдардың ғұмыры қысқартылар.
28Әділдің күткені шаттыққа апарар,
Зұлымның үміті құр бекер болар.
29Жаратқанның жолы мінсіз жанға қорған болар,
Ал зұлымдық істеушінің үрейін ұшырар.
30Әділ жан ешқашан шайқалмас,
Зұлым жан өз елінде тұра алмас.
31Әділ жан даналықты шыңдай түсер,
Өтірікші лайықты жазасын шегер.
32Әділдің аузынан ізгі сөз шығар,
Арамзаның аузынан азғын сөз шығар.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
