1Леуінің ұлдары: Герсон, Қахат, Мерари.
2Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел.
3Ымрамның балалары: Һарон, Мұса, Мәриям.
(Діни қызметкер) Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар.
4Елазардан өрбіген ұрпақтар: Елазардан Пінехес, одан Абишуа,
5одан Буки, одан Ұззи,
6одан Зерахиях, одан Мерайот,
7одан Амариях, одан Ахитұб,
8одан Садық, одан Ахимағас,
9одан Азариях, одан Жоханан,
10одан Азариях. Азариях Сүлейменнің Иерусалимде тұрғызған ғибадатханасында діни қызметкер болды.
11Азарияхтан Амариях, одан Ахитұб,
12одан Садық, одан Шаллум,
13одан Хелкия, одан Азариях,
14одан Сераях, одан Ехосадық тарады.
15Жаратқан Ие Яһуда елі мен Иерусалимнің халқын Набуходоносордың қолымен жер аударғанда Ехосадық та бірге кеткен болатын.Леуі руының үш тармағы: Герсон, Қахат, Мерари
16Сонымен Леуінің ұлдары Герсон, Қахат, Мерари болды.
17Герсонның ұрпақтары: Лібіни мен Шимей.
18Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел.
19Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши.
Түп аталарына сәйкес леуіліктердің әулеттері мыналар:
20Герсонның үрім-бұтағындағы Лібіниден өрбіген ұрпақтар: Лібіниден Яхат, одан Зиммах,
21одан Жоғах, одан Иддо, одан Зарах, одан Иятырай.
22Қахаттың үрім-бұтағындағы Әминадаптан өрбіген ұрпақтар: Әминадаптан Қорах, одан Асир,
23одан Елқанах, одан Әбиясаф, одан Асир,
24одан Тахат, одан Ұриел, одан Ұзиях, одан Саул.
25Елқанахтың ұрпақтарына Амасай мен Ахимот жатты.
26Ахимоттан өрбіген ұрпақтар: Ахимоттан Елқанах, одан Сұф, одан Нахат,
27одан Елияп, одан Ерохам, одан Елқанах, одан Самуил (пайғамбар).
28Самуилдің ұлдары: тұңғышы Жоел мен екіншісі Абиях.
29Мераридің үрім-бұтағындағы Мәхлиден өрбіген ұрпақтар: Мәхлиден Лібіни, одан Шимей, одан Ұза,
30одан Шима, одан Хагиях, одан Асаях.
Киелі үйдегі леуілік әнші-күйшілер31Келісім сандығын Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіп, сондағы тұрақты орнына қойғаннан кейін Дәуіт патшаның сол жерде әнші-күйші болып, қызмет етуге тағайындаған адамдарының аттары төменде берілген.
32Сүлеймен патша Иерусалимде Жаратқан Иеге ғибадатхана тұрғызғанға дейін, олар әнші-күйші қызметін киелі кездесу шатырында атқарып жүрген еді. Олар бұл міндеттерін өздеріне арналған ережелер бойынша орындайтын.
33Қызмет еткендердің есімдері ұлдарымен қоса мыналар: қахаттық тармақтан әнші-күйші Хеман. Оның шыққан ата-тегі мынау: Хеман Жоелден, Жоел Самуилден,
34Самуил Елқанахтан, Елқанах Ерохамнан, Ерохам Елиелден, Елиел Тохудан,
35Тоху Сұфтан, Сұф Елқанахтан, Елқанах Махаттан, Махат Амасайдан,
36Амасай Елқанахтан, Елқанах Жоелден, Жоел Азарияхтан, Азариях Софониядан,
37Софония Тахаттан, Тахат Асирдан, Асир Әбиясафтан, Әбиясаф Қорахтан,
38Қорах Ысқардан, Ысқар Қахаттан, Қахат Леуіден, Леуі Исраилден.
39Хеманның оң жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Асаф болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Асаф Барақияхтан, Барақиях Шимадан,
40Шима Михайлдан, Михайл Бағасеядан, Бағасея Малқияхтан,
41Малқиях Етниден, Етни Зарахтан, Зарах Адаяхтан,
42Адаях Етаннан, Етан Зиммахтан, Зиммах Шимейден,
43Шимей Яхаттан, Яхат Герсоннан, Герсон Леуіден.
44Хеманның сол жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Мерари тармағына жататын Етан болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Етан Қишидан, Қиши Әбдиден, Әбди Маллухтан,
45Маллух Хашабияхтан, Хашабиях Амасияхтан, Амасиях Хелкиядан,
46Хелкия Амсиден, Амси Банидан, Бани Шемерден,
47Шемер Мәхлиден, Мәхли Мұшидан, Мұши Мерариден, Мерари Леуіден.
48Олармен рулас өзге леуіліктер Құдайдың жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырдағы барлық басқа жұмыстарды атқаруға тағайындалды.Діни қызметкер Һаронның ұрпақтары және олардың міндеттері
49Һарон әрі одан кейінгі ұрпақтары құрбандық өртелетін үстелде құрбандықтарды және түтету үстелінде хош иісті заттарды өртеп ұсынатын. Олар киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіндегі барлық басқа қызметтерді де атқарып, Исраил халқын жасаған күнәларының арамдығынан тазартатын. Бұл Құдайдың қызметшісі Мұса оларға берген барлық нұсқауларына сәйкес болды.
50Һароннан өрбіген ұрпақтар: Һароннан Елазар, одан Пінехес, одан Абишуа,
51одан Буки, одан Ұззи, одан Зерахиях,
52одан Мерайот, одан Амариях, одан Ахитұб,
53одан Садық, одан Ахимағас.
Леуіліктерге тұруға арналған елді мекендер54Леуіліктерге белгіленген елді мекендер мен жерлер мыналар: Қахат тармағынан шыққан Һаронның ұрпақтарына бірінші жеребе түскендіктен,
55оларға Яһудадағы Хеброн қаласы мен оған қарасты жайылымдар табысталды.
56Бірақ Хебронға қарасты егістік жерлер мен елді мекендер Ефунне ұлы Халепке бөлініп берілді.
57Сонымен Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы табысталды. Хеброн абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Һаронның ұрпақтарына мұнан басқа Либна, Ятир, Ештемоға,
58Хилен, Дебир,
59Ашан, Юта, Бет-Шәміш қалалары да жайылымдарымен қоса табысталды.
60Бунямин руынан оларға (Гибеон әрі) Геба, Алемет, Анатот қалалары жайылымдарымен қоса берілді. Һаронның ұрпақтарына әулеттеріне қарай берілген осы қалалардың жалпы саны он үш болды.
61Қахат тармағының қалған бөлігіне Манасаның (Иорданның батыс жағындағы) жарты руының жерінен он қала жеребе бойынша тиді.
62Герсон тармағына әулеттеріне қарай Исашар, Ашир, Нафталим рулары және Манаса руының (шығыстағы) екінші жартысынан Башандағы он үш қала тиді.
63Мерари тармағына әулеттеріне қарай Рубен, Ғад, Забулон руларының жерінен он екі қала тиді.
64Осылайша исраилдіктер леуіліктерге бұл қалаларды жайылымдарымен қоса табыстады.
65Оларға Яһуда, Шимон, Бунямин руларынан жоғарыда аты аталып өткен қалаларды жеребе бойынша үлестіріп берді.
66Қахат тармағының басқа да кейбір әулеттеріне Ефрем руының жерінен мына қалалар жайылымдарымен қоса бөлінді:
67Ефремнің таулы аймағынан: Сихем қаласы. Ол абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Сол әулеттерге одан басқа Гәзер,
68Жоқмеам, Бет-Хорон,
69Аялон, Ғат-Риммон да табысталды.
70Қахат тармағының қалған әулеттеріне Манаса руының (Қанахан еліндегі) жартысынан Анер, Билеам қалалары жайылымдарымен қоса бөлінді.
71Герсон тармағына мына қалалар жайылымдарымен қоса тиді: Манаса руының шығыстағы жартысынан: Башан аймағындағы Ғолан мен Аштарот;
72Исашар руынан: Кедес, Даберат,
73Рамот, Анем;
74Ашир руынан: Машал, Абыдон,
75Хұқоқ, Рехоб;
76Нафталим руынан: Ғалилеядағы Кедес, Хаммон, Кириятаим.
77Леуіліктердің қалған тармағы — мерариліктерге мына қалалар жайылымдарымен қоса берілді: Забулон руынан: Жоқнеам, Қарта, Риммоно, Табор;
78Иордан өзенінің шығыс жағындағы Рубен руынан Иерихонға қарама-қарсы иен даладағы Бесер; одан басқа Жахса,
79Кедемот, Мефағат;
80Ғад руынан: Ғилақадтағы Рамот, Маханайым,
81Хешебон, Жазер.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.