1Ием, мен Саған сенімімді жүктедім,
Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
2Үрейім ұшып, тым абыржыған едім,
«Күллі жандар өтірікші!» деп түңілдім.
3Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын
Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?
4Мені құтқарғаны үшін шүкірлік тостағанын
Көтеріп, паш етемін Иеміздің атын,
5Жаратқанға берген анттарымның барлығын
Бүкіл халқы алдында іске асырамын.
6Иемізге бағышталған адамдарының
Ажалына Жаратқан Ие аударады назарын.
7Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін,
Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын,
Сен Өзің мені бұғаудан босаттың.
8Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған,
Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан.
9Жаратқанға берген анттарымның барлығын
Бүкіл халқы алдында іске асырамын:
10Иемнің киелі үйінің ауласында,
Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда.
Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
