Забур жырлары 63 - Киелі кітап(QazBi2010)

Залым жаудан құтқарушы — Құдай Тағала

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2Уа, Құдай, арызыма құлақ сала гөр,

Жаудың сесінен жанымды сақтай гөр,

3Зұлымның астыртын әрекетінен

Қорғап әрі залымның бүлігінен.

4Тілдерін олар семсердей өткірлеген,

Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен.

5Айыпсыз жанды атады тосқауылдан,

Кенеттен тап береді қорықпастан.

6Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды,

Құпия тор құруды жоспарлайды,

«Мұны кім көрер?» деп өздерін мақтайды.

7Қаскүнемдік ойластырып, құрайды,

«Мүлтіксіз жоспар құрдық» деп ойлайды.

Адамның жан дүниесі — түпсіз тұңғиық,

Жүрек түкпірлері пендеге жабық.

8Ал Құдай соларды жебемен атады,

Кенеттен олар жарақаттанады,

9Өз сөздеріне бола талқандалады,

Мұны көргендер олардан бас тартады.

10Күллі адамзат үрейленеді,

Құдайдың істерін жария етеді,

Оның керемет жасағанын түсінеді.

11Жаратқанға әділдер шаттанады,

Олар Иемізден пана табады.

Ақжүрек жандар Оны мақтан тұтады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help