1Осыдан кейін көктен мен тағы да бір үлкен көріністі көрдім, оның ерекшелігі: жеті періште көрініп, олар соңғы жеті қасіретті жіберуге дайын тұрды, өйткені бұл Құдайдың қаһарының соңғы кезеңі болатын.
2Мен отпен араласқан әйнекке ұқсас бір теңізді көрдім. Сол әйнекке ұқсас теңіздің үстінде *хайуанды да, оның мүсінін де жеңіп, оның билігін де тартып алған және оның атына байланысты санның үстіне аяғын салып, табанының астына басып тұрған адамдарды көрдім, олардың қолдарында Құдайдың берген кифар атты ішекті аспаптары болды.
3Олар Құдайдың құлы Мұса мен Тоқтының жырын былай деп әндетіп тұрды: -Уа, Жаратқан Ие, сенің істерің ұлы әрі керемет! Сенің жолдарың әділдік пен шындыққа толы, Сен-барлық халықтарға Патшасың!
4Уа, Жаратқан Ие, Сенен қорықпайтын кім бар? Сенің атыңды кім даңққа бөлемейді? Жалғыз Сен ғана киелісің! Барлық халықтар тек Саған келіп, Саған ғана бас иеді, себебі Сен Өзіңнің істеріңнің әділетті екенін анық көрсеттің!
5Осыдан кейін мен көктегі Киелі шатырдың осыған куәлік ретінде ашылғанын көрдім.
6Одан қолдарында соңғы жеті қасіреті бар жеті періште шықты. Олардың үстінде таза жылтыраған бәтестен киімдері бар, ал кеуде тұсына алтыннан белдік тағынған.
7Сол кезде төрт жануардың біреуі мәңгі тірі Құдайдың қаһарына толы жеті алтын тостағанды жеті періштеге әкеліп берді.
8Сонда көктегі Құдайдың үйі Оның даңқы мен құдіретті күшінен шыққан түтінге толып кетті. Жеті періштенің жіберетін жеті қасіреті ақырына дейін жетіп, толық орындалып болғанша, ешкім де көктегі Құдайдың үйіне кіре алмады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.