1Айтайын дегенім: -Мұрагер бәрінің иесі болғанымен, ол балалық шағындағы уақытта қанша болса да, оның құлдан еш айырмашылығы жоқ,
2өйткені әкесі оған белгілеп қойған уақыт келгенше, ол сол үй басқарушыларының қамқорында болады.
3Мына бізбен де дәл солай болып тұр, біз өзіміздің балалық шағымызды осы әлемге құлдыққа бердік те оның құлы болып жүрдік,
4ал енді белгіленген уақыттың мерізімі толған кезде, Құдай Өзінің Ұлын жіберді. Ол әйелден туылды, яғни заңның билігінің астында жүрген әйелден туылды.
5Себебі Оған сол заңның астындағы жүргендерді сатып алу қажет болды, сонымен қатар Ол оларды Құдайдың балалары етуді мақсат тұтты.
6Міне, сондықтан енді сендер Оның балалары болдыңдар, өйткені Құдай Өзінің Ұлының *Абба-яғни Әке деп айқайлап тұратын Рухын біздің жүрегімізге дарытып қойды.
7Сонымен енді сен құл емессің, керісінше сен енді Оның ұлысың, ал енді сен Оның ұлы болғандықтан, яғни Құдайдың арқасында енді сен Оның мұрагері болдың.
8Ал енді сендердің өткен өмірлеріңе, яғни сендердің Құдайды білмей тұрған кездегі өмірлеріңе үңілсек сендер табиғатында ешқандай да құдайлық қасиеті мен белгісі жоқ, түкке тұрмайтын құбылыстардың құлы болып өмір сүрдіңдер.
9Ал енді қазіргі уақытта сендер Құдайды танисыңдар, Оны білесіңдер, яғни Құдай да сендерді көптен бері танып, білді. Енді сендер қалай ғана сол әлсіз де, түкке тұрмайтын дүлей күштерге мойындарыңды қайта бұрып кеттіңдер, әлде соларға қайтадан құл болғыларың келе ме?
10Кейбір күндер мен айлардың, жылдардың мерзімі мен уақыт мезгілдерін қастерлеп ұстанып жүр екенсіңдер,
11мен сендердің осы іс-әрекеттеріңе қарап, өзімнің сендер үшін еңбек еткен еңбегім бекерден бекер, яғни зая болды ма деп қорқып жүрмін.
12Бауырластар, мен сендерден мынаны өтінемін-мен сияқты болыңдаршы, өйткені мен де өздерің секілді болдым. Сендер мені еш нәрсемен ренжіткен жоқсыңдар.
13Білесіңдер ме, мен басында осы ізгі хабарды өздеріңе уағыздап жүрген кезде менің тәнім әлсіреп, бір әлсіз күйде жүрді.
14Сол кезде менің тәнім сендердің алдында сынақтан өткендей болды, алайда сендер сонда менің тәнімнен не жиіркеніп, не болмаса менен теріс айналып кетпедіңдер, керісінше сендер мені Құдайдың періштесіндей қабылдап, мені Иса Мәсіхті қабылдағандай қабылдадыңдар.
15Ал енді сендердің сол кездегеі маған көрсеткен ізгі ниеттерің қазір қайда кетті? Сендер сол кезде өз көздеріңді ойып алып оны маған беруге де дайын болдыңдар, ал мен сол нәрсеге куәгер болдым.
16Әлде, мен сендерге шындықты айтқаным үшін, сендердің жауларыңа айналдым ба?
17Ал олардың соншама күш салып, қызғаныштан сендерді өздеріне қаратып алуға тырысып жатқаны жақсылық емес, керісінше олар сендерді бізден бөліп тасатап сендерді өз ықпалдарына бағындырып алғысы келіп жүр.
18Жақсылық істеуге тырысу керек, әрине ол жақсы нәрсе, бірақ оны тек мен сендердің араларыңда болғанда емес, керісінше оны кез келген уақытта да жасайтын болса сол дұрыс болады.
19Балаларым менің, мен Мәсіхтің келбеті сендердің бойларыңа толықтай сіңіп қалыптасып болғанша, маған тағы да толғақтың азабына түсіп, қайтадан азап шегуге тура келіп тұр.
20Мен сендерді түсіне алмай-ақ қойдым, сондықтан мен дәл қазір сендердің қастарыңа барып сендерге даусымды көтермей сөйлесем бе деген қалау пайда болды.
21Сендер маған мынаны айтыңдаршы, сендердің Заңға бағынып өмір сүргілерің келіп жүрсе, онда сендер сол заңда айтылған нәрселерді не себептен тыңдағыларың келмейді?
22Өйткені жазбада Ыбырайымда екі ұлы болды деп жазылған, ал сол ұлдың біреуі күң әйелден туылса, екінші ұл ерікті әйелден туылған болатын.
23Ал енді күң әйелден туылған бала тәннің қалауы бойынша дүниеге келсе, ал еркіті әйелден туылған бала, Құдайдың уәдесі бойынша дүниеге келді.
24Бұл жерде терең сыр жатыр: -Осы екеуі екі келісімді білдіреді. Яғни, оның біреуі Синай тауында берілген келісімді білдіреді, бұл баласын құлдықта жүріп туған Ажарды бейнелейді.
25Себебі, Ажар арабия еліндегі Синай тауының бейнесін көрсетіп тұр, сонымен қатар ол қазіргі Иерусалимнің бейнесіне де дәлме-дәл келеді, өйткені ол да дәл қазір өзінің балаларымен бірге құлдықта жүр.
26Ал енді жоғарыда тұрған Иерусалим ол бостандықта, яғни еркіндікте жүр, міне біздің анамыз сол.
27Өйткені жазбада: -Бедеулік көріп, бала тумаған әйел қуанып жан сала айқайласын, өйткені күйеуі бар әйелге қарағанда, жалғыз басты әйелдің балалары өте көп болады деп жазылған.
28Міне, сондықтан, бауырластар, сендер Ысқақ секілді уәде арқылы туылған балалардың қатарындасыңдар.
29Алайда сол кезде тәннің қалауымен туылған бала, Рухтан туылған баланы қудалаған болатын, міне қазір де дәл солай болып тұр.
30Ал енді жазба осы жайлы не дейді? Күңді баласымен бірге қуып шық, себебі күңнің ұлы, бостандықта жүрген әйелден туылған ұлдың мұрасына мұрагер бола алмайды, делінген.
31Сондықтан, бауырластар, біз күңнің ұлдары емеспіз, керісінше біз еркіндікте, яғни бостандықта жүрген әйелдің балалары болып қала береміз.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.