Петір 1 2 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сол үшін неше түрлі зұлымдықпен, әртүрлі бір айла әрекетпен, жасанды қылықты, қызғаншақтықпен, жала жабушылықтың бәрін былай ысырып тастап,

2жаңа туылған сәбилер секілді шынайы да, таза сүтке, яғни таза рухани сөзді аңсап соған ұмтылыңдар, өйткені сол арқылы өсіп, құтқарылуға жетесіңдер.

3Егер де сендер Иеміздің ізгілігінің дәмін татқан болсаңдар, солай істеңдер,

4себебі тек сонда ғана адамдар өзара бас тартып, ал Құдай болса қымбат деп бағалаған тірі тасқа жақындай аласыңдар.

5Тек сонда ғана сендер киелі болу үшін құрылып жатқан рухани үйдің қабырғасына тір тас ретінде қаланып, рухани құрбандықтарды Құдайға ұнамды ету үшін, оны тек Иса Мәсіх арқылы Құдайға әкелетін қызметкер бола аласыңдар.

6Өйткені Жазбада: -Міне, қымбат деп таңдап алынған тасты алып, Оны іргетас ретінде Сионға қоямын, сонда Оған сенген әркім ұятқа қалмайтын болады, - деп айтылған.

7Ал бұл Оған сенім артып, сенуші болған сендерге аса қымбат, ал Оған сенбейтіндерге Ол үй салушылардың жарамсыз деп тапқан тас болды, енді міне Сол тас бұрышта тұратын басты тасқа, яғни сенбеушілерді

8сүріндіретін әрі оларды құлататын, тасқа яғни жартасқа айналды. Себебі, Оны сол жерге яғни сөзге мойынұсынбағандар шалынып құласын деп, Оны сол жерге солар үшін қойды.

9Ал сендер Оның Өзі таңдап алып, патшаның қызметкері ретінде, әрі киелі ұрпақ ретінде ерекшелеп бөліп алған Құдайдың халқы болғандықтан, сендер Оның таңқаларлық Нұры мен Оның кемелділігін, сендер яғни түнектен шақырылып алынған сендер жариялауға тиіссіңдер.

10Себебі бір кездері Құдайдың халқы болмаған сендер, енді міне Құдайдың халқы болдыңдар, кезінде Құдайдың кешірімін алмаған едіңдер, енді Одан кешірім алып, Оның мейіріміне ие болдыңдар.

11Сүйікті бауырластар, мен сендерден мынаны өтінемін, сендер жаһан кезуші жат жерлік болғандықтан, өздеріңдіөздерің ұстап, өздеріңнің жан дүниелеріңе қарсы күресетін тән құмарлығына берілмеңдер.

12Сендерді сыртарыңнан жамандап, сендерді зұлымдардың қатарына қосып, сырттарыңнан бақылап жүретін өзге ұлттар, сендердің жақсы істеріңмен ізгілікті өмір салтарыңды сырттан қадағалап жүріп, Құдайды мадақтайтын болсын.

13Иеміз үшін адамзатының кез келген билігіне бағыныңдар; -Патша болса оған мәртебесі биік басқарушы ретінде,

14ал егер де жетекші көсемдер болса, оған зұлымдарды ол арқылы жазаға тартатын жазалаушы ретінде, ал жақсылық жасайтындарға олардың жасаған жақсылықтарын елеп, мақтау айтып, мақтаушы ретінде қараңдар.

15Себебі Құдайдың еркі де осы -жақсылық жасаушылар арқылы, надан адамдардың үнін шығартпай тастау.

16Сондықтан еркіндікте жүрген біздер, өз еркіндіктерімізді зұлымдықты жабу үшін пайдаланбай, керісінше Құдайдың құлы секілді болып жүрейік.

17Бәріне құрмет көрсетіп, бір-біріңді бауырлас ретінде жақсы көріңдер, Құдайдан қорқыңдар, Патшаға құрмет көрсетіңдер.

18Құл болғандар, қожайындарыңды барлық жағынан құрметтеп, тек қана жақсылары мен кішіпейілдеріне ғана емес, ол қисық не болмаса өтірікші болса да бағыныңдар.

19Егер де Құдай үшін біреуден саналы түрде жазықсыз жапа шегіп, әділетсіздікпен азапталып жатса -Құдайдың рахымы соған түседі.

20Ал егер де тек жасаған күнәләрің үшін ұрылып, жапа шегіп жатсаңдар, онда қандай мақтау алар едіңдер? Ал егер де керісінше жасаған жақсылықтарыңа бола жапа шегіп, азапты бастан өткізетін болсаңдар, мұны Құдайдың рахымы деп қарау керек.

21Өйткені сендер осы үшін шақырылдыңдар, Мәсіх сендер үшін азап шеккенде, сендер де Оның жолымен жүрсін деп, сендерге сол жолды үлгі ретінде қалдырды.

22Мәсіх болса ешқандай да күнә жасаған жоқ және Оның аузында ешқандай да жалған сөз болған жоқ.

23Оны балағаттап, Оны қорлағандарға Ол балағат сөз айтып, оларды қорлайтын жауап қайтармады, Ол азапталып жатса да, сес көрсетпеді, керісінше (бәрін) әділетті Соттаушыға тапсырды да,

24Ол біздің күнәларымызды Өзінің денесіне артып, Оны көтеріп айқышқа алып шықты. Ол осыны біздің әділетті болып, өмір сүруіміз үшін істеді, сондықтан сендер Оның денесіне түскен жарақаттары арқылы сауықтыңдар.

25Себебі бір кездері сендер жолдан адасып кеткен қой секілді едіңдер, енді сендер өздеріңнің жандарыңды қадағалап, бағатын Бағаушыларыңа қайтып келдіңдер.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help