Римдіктерге 13 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Әрбір жан жоғарғы билік иелеріне бағынатын болсын, өйткені барлық билік тек Құдайдан берілген, сондықтан бар билік Құдайдың бекітуімен қойылған.

2Сондықтан кім билікке қарсы тұрса, сол Құдайдың нұсқауына қарсы тұрады, ал қарсы келгендер өзіне-өзі үкім шығарады.

3Себебі игі іспен айналысып жүргендерге басшылар қорқыныш әкелмейді, керісінше, олар зұлымдық жасап жүргендерге қорқыныш әкеледі. Биліктің алдында қорықпай жүргенді қалайсың ба? Ендеше жақсылық жаса, сонда оның мақтауына ие болсың.

4Олар Құдайдың құлы болғандықтан, сенің жақсылық жасағаныңды қадағалайды. (Билік өкілдері сенің игілігің үшін Құдайдың қызметін атқарады). Егер зұлымдық жасасаң, қорқатын бол, олар бекерге қылышын алып жүрген жоқ, өйткені олар-Құдайдың құлы, сондықтан ол зұлымдық жасағанға қаһарын төгеді.

5Сонымен, оның қаһарына бола емес, ар-ұжданыңның таза болуы үшін де оған бағынуың қажет.

6Билікте тұрғандар Құдайдың қызметкерлері болғандықтан, үнемі қадағалап жүреді, сол үшін де сендер салық төлейсіңдер.

7Сондықтан барлық қарыздарыңды қайтарып беріңдер: салықтың қарызын салықшыға, кеденнің қарызын кеденшіге, қорқыныштың қарызын қорқынышқа (түсініксіз) құрметке құрмет көрсет, абыройға қарыз болсаң (түсініксіз) оны да бер.

8Сөйтіп, бір-біріңе деген сүйіспеншіліктен басқа ешкімге және еш нәрсеге қарыз болмаңдар, себебі кім басқа біреуге сүйіспеншілік көрсетсе, сол Заңның талабын орындайды.

9«Неке адалдығын бұзба», «ұрлама», «біреудің затына сұқтанба» деген басқа да өсиеттердің барлығының мәні біреу-ақ: «Өзіңді қалай сүйсең, басқаны да солай сүй».

10Жақыныңа деген сүйіспеншіліктен зұлымдық туындамайды, өйткені басқаға сүйіспеншілік көрсету заңның талабын толық орындау болып есептеледі.

11Сонымен қатар, қазіргі кез қандай уақыт екенін сендер білесіңдер, енді ұйқыдан оянатын кез келді, себебі алғаш сенген мезгілден гөрі қазір біздің құтқарылуымыз әлдеқайда жақын қалды.

12Түн өтіп кетті, ал күн жақындап қалды. Сол себепті келіңдер, мына түннің істерін кейін шегеріп тастайық та, одан да нұрдың қаруын асынайық.

13Сөйтіп, күннің жарығына лайықты болу үшін, жүгенсіздік пен ұрыс-керіске, қызғаныщқа берілмей,

14Иеміз Иса Мәсіхке ұқсап, тәндік құмарлықтың қалауын алдын ала тыйып тастаңдар.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help