Салониқалықтарға 1 2 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Бауырластар, біздің өздеріңе барғанымыздың өзі бос, бекер болмағанын өздерің білесіңдер,

2соның алдында біздің Філіпі қаласында азап шегіп, зәбір көргенімізді де өздерің білесіңдер, алайда біз Құдайдың ізгі хабарын өздеріңе ашық айтып, жеткізу үшін де көп күрестік.

3Өйткені біз сендерді соған шақырған кезде, біздің ісәрекетімізде сендерді адастыратын, не болмаса бір қулық деген болған жоқ.

4Себебі, Құдай біздің де сол ізгі хабарға деген сенімізді сынау үшін, соны бізге қалай сеніп тапсырса, оны дәл солай айтып жүрміз, сондықтан адамдарға ұнау үшін емес, тек жүрегімізді тексеріп тұратын Құдайға ұнауға тырысып жүрміз.

5Сондықтан біздің әр сөзімізде де ешқашан жағымпаздық пен пайдақорлықтың лебі болған да емес, оны өздерің де білесіңдер, оған Құдай да куә,

6сондықтан біз не өздеріңнен, не басқалардан да атақ іздемейміз.

7Біздің дәрежеміз Мәсіхтің елшілері ретінде қанша салмақты болса да, біз сендердің араларыңда жас нәрестедей болып жүрдік. Тәрбиеші өзінің балаларына қалай жылы жүзді болғысы келсе,

8біз де дәл солай ізгілікті болып, сендерге тек қана Құдайдың ізгі хабарын жеткізіп қана қоймай, біз сендерге өз жанымызды да беруге тырыстық, өйткені сендер бізге аса қымбат болдыңдар.

9Бауырластар, біздің қажырлы еңбек еткеніміз естеріңде шығар, біз сендердің әр қайсыларыңа ауыртпалық түсірмеу үшін күн демей, түн демей жұмыс істеп жүріп, сендерге Құдайдың ізгі хабарын уағыздаумен болдық.

10Мынаған сендер де, Құдайдың Өзі де куә, біз сендерге бір сенімдегі сенушілер ретінде қарап, біз сендердің көз алдыларыңда жүрген кезде ізгілікті, әрі әділетті, әрі мінсіз болдық.

11Өздерің білесіңдер біз сендердің әрқайсыңа Өз әкеміздің баласындай қарап,

12сендер өздеріңді шақырып алған Құдайдың Патшалығы мен Оның даңқына лайықты болып жүрсін деп, біз сендерді тәлімге үйретіп, жігер беріп, куәлік айтып қолдап отырдық.

13Құдай бізге сондай мүмкіндік бергені үшін Оған үздіксіз алғыс айтамыз, өйткені сол кезде сендер бізден естіген сөзді адамның сөзі деп емес, керісінше Құдайдың шынайы сөзі деп қабылдадыңдар, міне сондықтан сол сөз оған сенушілерге яғни сендерге әсер етіп, сендерде әрекет етеді.

14Сондықтан, бауырластар, яһудеядағы Мәсіх Исаға сенетін қауымдардың бәрі сендерді үлгі тұтуда, өйткені сендерде өз қандастарыңнан қысымшылық көрдіңдер, ал олар сол қысымшылықты яһудейлерден көрді,

15сонымен қатар яһудейлер біздің Иеміз Исаны және пайғамбарларды өлтірді, бізді де қуғынға ұшыратты, сөйтіп олар Құдайға жағудың орнына, керісінше адамдардың бәріне қарсы шығып,

16бізге өзге ұлттың өкілдеріне құтқарылу туралы айтқызбай кедергі жасап, сөйтіп өз күнәларын өздері көбейтіп, әрқашан оны толтырып отырды, сондықтан оларға деген Құдайдың қаһары өз шегіне жетті.

17Бауырластар, біз сендермен біраз уақытқа ажырап кетіп, жетімдер сияқты болып қалсақ та, біз жүрегімізде сендердің көптен бері көрмей кеткен бет жүздеріңді көруді ерекше қаладық.

18Сондықтан бізде сендерге барсақ деген қалау болды, мына мен, Пауыл, өзім бір-екі рет сендерге бармақ болып талпынған кезде де, бізге сайтан кедергі болды.

19Ал енді біздің Иеміз Иса Мәсіх келген кезде, біздің артқан үмітіміз де, қуанышымыз да, біздің мақтанышымыз да, Оған көрсеткен тәжіміз де сендерден басқа кім болмақ?

20Сондықтан біздің даңқымыз да, қуанышымыз да мына сендерсіңдер!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help