Жақып 2 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Менің бауырластарым, даңқы биік біздің Иеміз Иса Мәсіхке деген сенімдеріңде екі жүзділік болмасын.

2Өйткені, егер де сендердің синагогаларыңа қолына алтын жүзік тағып, ал үстіне жарқыратып киім киіген бір ер адамен қоса киімі кір бір кедей адам кіретін болса

3сендер әлгі жарқырап киініп алған адамға қарап: -сенің мына жерге отырғаның дұрыс болады, ал кедейге: -Сен менің аяқ жағымдағы ана жерге барып отыр, -деп айтатын болсаңдар,

4онда сендер ортаны бөліп-жарып жік салып, арам ойлы төрешілер болып кетпейсіңдер ме?

5Менің сүйікті бауырластарым, мынаны тыңдаңдаршы: -Құдай осы әлемдегі кедейлерді сенімге бай болғандықтан таңдап алып, оларды Өзі уәде еткен Патшалықтың мұрагерлері етті емес пе?

6Ал сендер сол кедейлердің абыройын төгіп жүрсіңдер. Алайда өздеріңе қарсы шығу үшін күш салатын да, сендерді сотқа сүйрейтін де, сол байлар емес пе?

7Өздеріңе тағылған жақсы атты да қорлап, тіл тигізіп дат айтатындар да солар емес пе?

8Егер де Патшаның жазбадағы: -Өзіңді қалай сүйсең, жақыныңды да солай сүй, -деп айтып кеткен заңын орындап жүрсеңдер, онда жақсы іс атқарып жүрсіңдер.

9Ал егер де осы арада екі жүзділік танытсаңдар, онда күнә жасадыңдар, енді сендер қылмыскер секілді тек заң арқылы әшкереленетін боласыңдар.

10Себебі, кім де кім заңды толығымен орындап келіп, тек оның біреуінен сүрініп кетсе, сол барлық жерде күнәлі болып шығады.

11Ал заңда: «Неке адалдығын бұзба» деп те, «кісі өлтіруші болма» деп те айтылған, ал егер де сен: Неке адалдығын бұзбай, оның орнына кісі өлтіріп қойсаң, онда сен заңды бұздың, яғни сен енді заң бойынша қылмыскер боласың.

12Сонымен қалай сөйлесеңдер де, не істесеңдер де бәрін тек заңда көрсетілген бостандыққа сай істеңдер.

13Өйткені кім мейрім танытпаса, оған сот та мейірімсіз болады, ал мейірімділік соттан үстем.

14Менің бауырластарым, егер де біреу менің сенімім бар деп айтқанымен, оның істеп жүрген істері соған сай болмаса, оның сол айтқанынан не пайда? Тек бір ғана сенім оны құтқара ала ма?

15Егер де сенің бауырың, не болмаса әкпе -қарындасың киетін киім мен күнделікті ішетін астан мұқтаждық көріп жүрсе,

16ал араларыңдағы біреулерің оларға: -Тыныштықпен барып жылынып алыңдар, тойып тамақ жеп алыңдар, -деп айтқанымен олардың сол тәніне қажетті мұқтаждығын ол оларға бере алмайтын болса, оның қандай пайдасы бар?

17Сеніммен де дәл солай, егер де оның игі де пайдалы ісі болмаса, соның өзі оның өлі екенін білдіреді.

18Ал енді біреу былай деп айтуы мүмкін: «Сенде сенім бар, ал менде игілікті ісім бар,» -деп. Олай болса сен маған сенімсіз істеген игі ісіңді көрсет, ал мен өзім істеген игі істерім арқылы саған өз сеніміді көрсетемін.

19Сен Құдайдың бар екеніне, Оның біреу екеніне сенесің бе? Онда оның жақсы: -Алайда соған жындар да сенеді әрі Оның алдында қалтырап, дірілдейді.

20Ей ақылсыз адам: -Іс әрекетсіз сенімнің жеміссіз болатынын сен білгің келе ме?

21Біздің әкеміз Ыбырайым, өзінің Ұлы Ысқақты құрбандық шалатын орынға апарған кезде, көрсеткен ісі, әрекеті арқылы әділетті болып танылды емес пе?

22Көрдің бе, сенім оның сол ісіне қолдау көрсетті, сөйтіп оның сол ісі арқылы оның сенімі кемелдідікке жетті.

23Ал Осы туралы жазбада: -Ыбырайым Құдайға сенді, сол арқылы ол әділ адам әрі Құдайдың досы атанды, -деп жазылған болатын, іс жүзінде сол сөз орындалды.

24Міне, көрдіңдер ме, адам тек қана сеніммен ғана емес, оған қоса игілікті ісімен де атқалып, әділетті бола алады.

25Сол сияқты жеңіл жүріспен жүрген Рахаб та өзі істеген игі ісі арқылы әділетілік танытты, ол барлаушыларды қарсы алып, оларды басқа жолмен шығарып салған ісі арқылы ақталып, әділетті адам атанды емес пе ?

26Жансыз дененің өлі болатынындай, сенім де игі Ісәрекет болмаса, ол - өлі сенім.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help