1Міне, сол үшін де бұл қызмет бізге берілді және бұл Оның мейіріміне сай болды, сондықтан біз жабырқап, жасымаймыз.
2Керісінше, біз ұятқа қалдыратын құпия істерден бас тартып, арамдық пен қулыққа беріліп, Құдай сөзін бұрмаламаймыз, Құдаймен жүрген әрбір адамның ой-санасына шындықты ашып беруге тырысамыз.
3Егер де біз жариялаған Ізгі хабар жабық болса, ол тек тозаққа кететіндер үшін ғана жабық болмақ
4Себебі осы әлемнің құдайы (сайтан) Мәсіхтің даңқы туралы Ізгі хабардың жарығы кірмесін деп, сенбеушілердің ой-саналарын соқыр етіп қойды, ал Мәсіхте Құдайдың бейнесі бар.
5Біз өзімізді емес, біздің Иеміз Иса Мәсіхті жариялап жүрміз, біз сендерге бола өзімізге Исаның құлдары ретінде қараймыз.
6Өйткені Құдай: «Түнектен нұр жарқырайтын болады», -деген болатын, ал сол жарық біздің жүрегімізде жарқырап жанып тұр, бұл жарық Құдайдың даңқының Иса Мәсіхтің бет-әлпетінен нұр болып көрініп тұрғанын білдіреді.
7Сондықтан бұл қазынаны біз қыш ыдыста (денемізде) алып жүреміз, бұл керемет күш біздің өзімізден емес, керісінше, Құдайдың құдіретті күші екенін көрсетеміз.
8Бізге жан-жақтан қысым көрсетілуде: алайда шектелген жоқпыз; кейде шарасыз күйге тап боламыз, алайда шарасыз болып қалмадық;
9қуғын-сүргінге түстік, бірақ тасталған жоқпыз; кейде аяққа тапталдық, дегенмен, өлген жоқпыз.
10Біз барлық жағдайда Исаның өлімін осылай өз денемізде көтеріп жүрміз, сондағы мақсатымыз -Исаның өмірін өзіміздің өмірімізден нақты көрсету.
11Сондықтан біз тірі жүрміз, Иса үшін біз басымызды өлімге де тігеміз, себебі тек осылай Исаның өмірі біздің денемізде екенін көрсете аламыз.
12Сонымен, біздің өмірімізде өлім әрекет етсе, сендерде өмір әрекет етіп жатыр.
13Себебі Жазбада: «Мен сендім, сондықтан айттым», -деп жазылған. Біз де бұған сенеміз, солай айтамыз, өйткені біз де сол Рухқа ие болдық.
14Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілткен Құдай, бізді де Иса Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алып, Өзінің алдына сендермен қатар тұрғызып қоятынын біз білеміз.
15Бәрі сендердің игіліктерің үшін, көптеген адамдардың білдірген алғысы арқылы рақымдылық шексіз көбейіп, Құдайдың даңқын анық көрсететін болады.
16Сол үшін біз жабырқамаймыз, өйткені біздің физикалық денеміз тозғанмен, ішкі жан дүниеміз күннен-күнге жаңара түсуде,
17біздің қысқа уақыт қана тартқан азаптарымыз мәңгілікке берілген ұлылықтың артықшылығымен салыстырғанда, түкке де тұрмайды.
18Біз жанарымызды көрініп тұрған нәрселерге емес, көрінбейтінге тігеміз, өйткені көрінетіннің бәрі уақытша, ал көрінбейтін нәрсе - мәңгілік.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.