Еврейлерге 6 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сондықтан Мәсіх туралы айтылған алғашқы сөзде тоқтап қалмау үшін, алға қарай кемелді болуға ұмтылайық, өлімге әкелетін істерден бас тартып, тәубе ету,

2Құдайға сену, суға батырып шомылдыру мен қол қою, өлімнен қайта тірілу, мәңгілік сот туралы тәліміміздің негізі болып қалған ілімге қайта-қайта айналып келе берудің қажеті жоқ.

3Егер де Құдай Өз еркіне сай бұған рұқсат берсе, болашақта да тәлім беруді жалғастыра береміз.

4Бір кездері Киелі Рухтың іс-әрекетіне куәгер болып, көктен келген сыйдың дәмін татып, жұлдыздай жарқырап,

5Құдайдың сөзіндегі жақсылық пен болашаққа апаратын құдіретті күштен дәм татып,

6одан кейін үзіліп түскен жемістей сенімнен тайқып кеткендерді тәубеге әкеліп, қайтадан жаңарту мүмкін емес, өйткені олар Оған деген сенімдерін жоғалтып алды, сөйтіп, Құдайдың Ұлын айқышқа қайта шегелеп, Оны мазақ етуде.

7Жаңбыр жер бетіне жауған сайын қара жер сол жаңбырдың суымен қоректеніп, бойына сіңіреді, кейін сол жер құнарланады, жер құнарланған соң, пайдалы өсімдіктерді өсіріп шығарады, ал оны өңдегендердің әрқайсысы Құдайдан бата алады.

8Егер де сол жерге еш пайдасы жоқ тікенді өсімдіктер мен ошағандар өсіп шықса, онда бұл қарғыстың жақындап қалғанын білдіреді, ақырында оларды өртеуге тура келеді.

9Қымбатты бауырластар, біз сендердің құтқарылу жолын берік ұстанып келе жатқандарыңа сенімдіміз, нақты айтар болсам, сенім жолымен жақсы жүріп келе жатырсыңдар.

10Құдайда ешқандай әділетсіздік жоқ, сондықтан Ол сендердің атқарып жүрген істеріңді, Оның атынан басқаларға көрсетіп жүрген сүйіспеншіліктеріңді, киелі халқына қамқорлық жасаған қызметтеріңді Ол ешқашан ұмытпайды.

11Сондықтан сендердің әрбіреуіңнің нық сенім танытып, барлық күш-жігерлеріңді аямай, берілген үмітке ұмтыла бергендеріңді тілейміз.

12Сол үшін де жалқаулыққа берілмей, сенім арқылы төзімділікке ие болғандарға еліктеп, өздеріңе берілген уәдеге мұрагер болуға тырысыңдар.

13Құдай Ыбырайымға уәде берген кезде, Құдай Өзінен жоғары ант беретін ешкім болмағандықтан, Ол Ыбырайымға Өз атынан:

14«Мен сені молынан жарылқап, саған бата үстіне бата беремін әрі ұрпағыңды молынан көбейтемін», -деп уәде берді.

15Ыбырайым шыдамдылықпен, күдерін үзбей, сол уәдені күтті, ақырында сол уәдеге қол жеткізді.

16Көп адамдар ант береді, олар араларында болып жатқан неше түрлі келіспеушіліктерді шешу үшін, осылай антпен бекітеді.

17Ал Құдай Өзінің берген уәдесіне мұрагер болатындарға сол уәденің нақты орындалатынын және Өзінің ниетінің тұрақтылығын, яғни, оның ешқашан бұзылмайтынын көрсету үшін, сол антты Ол дәнекер ретінде пайдаланды.

18Сонымен, біз ешқашан өзгермейтін осы екі іс-әрекет арқылы (уәде мен ант) Құдайда жалғандықтың жоқ екенін, Оның өтірік айтпайтынын білеміз, бұл бізге үлкен жұбаныш береді, сондықтан біз алдымызда тұрған осы үмітке қарай жүгіріп, мықтап ұстап алуымыз қажет.

19Себебі сол үміт біздің ішкі жан дүниемізді шайқалтпай, берік ұстайтын зәкір сияқты. Біз сол арқылы шымылдықпен бөлінген Киелі орынның ішкі бөлігіне кіре аламыз,

20ол жерге ең бірінші болып, біз үшін Иса кірді, сондықтан Оған Мәліксадықтың атағына сай мәңгі бірінші Бас қызметкер деген атақ берілді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help