Қорынттықтарға 2 5 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сонымен, егер де біздің жердегі үйіміз (денеміз) жойылатын болса, онда көкте біз үшін Құдайдың Өзі тұрғызған үйіміз бар, ол үй адам қолымен тұрғызылған жоқ, сол үй біздің мәңгілік мекеніміз болады.

2Қазір біз осы жер бетіндегі үйімізде шаршап-шалдығып тұрып жатырмыз, әйтсе де біз сол «көктегі үйімізді» үстімізге жамылатын кезді аңсаймыз.

3Әрине, біз оны «кигенде», жалаңаш қалмаймыз.

4Біздің осы жер бетінде тұрып жатқан үйіміз денемен байланысты, сол үшін ауыртпалық көріп, ыңқылдай күрсінеміз, сонда да біз оны шешкіміз келмейді, алайда өмір өлімді жеңіп, өліммен байланыстының бәрін өмір өзіне сіңіріп алсын деп, біз көктегі мәңгіліктің киімін киіп алғымыз келеді.

5Құдай бізді сол үшін жаратты, сондықтан Ол Өзінің Рухын бізге кепілдікке берді.

6Міне, сондықтан да біз әрқашан батылмыз, әрине, біз осы денеде өмір сүріп жатқандықтан, өзіміздің Иемізден алшақ екенімізді де білеміз,

7себебі біз күнделікті өмірде көзбен көргенімізбен емес, сенім арқылы өмір сүріп жатырмыз.

8Сондықтан біз батылмыз, өйткені біз тезірек мына денеден шығып, Иемізге барып, сонда тұрақтауды игілік деп санаймыз.

9Біз, мейлі, денеде немесе одан тыс болайық, біздің мақсатымыз-қалай да Оған ұнамды болуға тырысып, Иеміз бізден нені қаласа, соны орындау.

10Өйткені болашақта біздің барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, өзіміздің тәндік денеде жүріп жасаған жақсы мен жаман істерімізге ашық жауап береміз және Оның алдында тұрып, әрқайсысымыздың өзімізге лайықты бағаны алуымызға тура келеді.

11Сонымен, біз Иеміздің алдында қорқыныштың не екенін білеміз және адамдарды Оған сенуге шақырып, Құдайға өзімізді ашық көрсете аламыз. Сендердің ар-ұждандарыңа да дәл солай ашықпыз деген үміттемін.

12Біз осы арқылы сендердің алдарыңда өзімізді мақтаудан аулақпыз, керісінше, сендердің біз үшін мақтануларыңа мүмкіндік беріп қойдық, бірақ өздеріңнің бет-әлпеттеріңмен емес, жүректеріңде бар нәрселеріңмен мақтаныңдар.

13Егер де біз есімізден ауысқан болсақ, Құдай үшін осылай болдық, егер де ақыл-есіміз дұрыс болса, онда бұл тек сендер үшін пайдалы болмақ.

14Өйткені бізді Мәсіхтің сүйіспеншілігі баурап алды, егер осы туралы ойланатын болсақ, барлығы үшін Мәсіх өлді, яғни, барлығы күнәкар өмір үшін өлді деген тұжырымға келеміз.

15Оған сеніп өмір сүретіндер тек өздері үшін ғана өмір сүрмей, олар үшін өліп, өлімнен қайта тірілген Мәсіх үшін өмір сүруі қажет.

16Демек, қазір біз ешкімге тәндік көзқараспен қарамаймыз. Бір кезде біз де Мәсіхке солай қарағанбыз, бірақ қазір олай істемейміз.

17Кімде-кім Мәсіхте болса, онда ол-жаңа жаратылыс. Ескінің уақыты өтіп, енді, міне, жаңасы пайда болды!

18Ал осының бәрі Құдайдан, Ол Мәсіх арқылы Өзін бізбен татуластырды және осы татуластыру қызметін жалғастыруды бізге тапсырды.

19Осы әлемді Өзімен татуластырған Құдай Мәсіхте болды, сондықтан Ол адамдардың күнәларын олардың мойнына артпай, татуластыру туралы Ізгі хабарды бізге тапсырды.

20Міне, сондықтан біз Мәсіхтің елшілері болдық, себебі Құдай Өзінің келісімін біз арқылы жасайды. Ал біз Мәсіхтің атынан оларға: «Құдаймен татуласыңдар!» -деп айтамыз.

21Құдай ешбір күнәсіз Мәсіхті біздер үшін күнәкар жасады, Құдайдың әділдігі, міне, осында, сондықтан біз тек Мәсіх арқылы ақталамыз.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help