Қорынттықтарға 2 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Құдайдың еркімен Иса Мәсіхтің елшісі атанған Пауылдан және Тімоте бауырымнан Қорынт қаласындағы Құдайдың қауымына және Құдайға ұнамды өмір сүріп жатқан Ахай өңіріндегі бауырластарға

2Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы мен тыныштығын тілейміз.

3Бата беріп, жарылқаушы Құдай мадақтала берсін, себебі Ол -біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі, Ол-жанашыр Әке, Ол- барлық жағдайда бізді жұбататын Құдай.

4Ол басымызға түскен қайғы-қасірет кезінде бізді жұбатады, Құдайдың бізге берген сол жұбанышымен өзіміз сияқты ауыртпалықты басынан өткізіп жатқан басқа бауырластарымызды да жұбата аламыз.

5Алайда Мәсіх үшін шегетін азабымыз көбейген сайын, Мәсіхпен бірге жұбанышымыз да көбейе бермек.

6Егер де біз өмірде қиыншылық көріп жатсақ, бұл-сендерді жұбату үшін және құтқарылуларың үшін болған жағдай деп білеміз. Егер біз жұбаныш алып жатсақ, ол да бізге сендерді жұбату үшін беріледі. Ал бұл жағдай басымызға түскен қиын-қыстау күндерде біздің табанды болуымызға көмектеседі.

7Біздің сендерге деген үмітіміз берік, сендер басымызға түскен қайғы-қасіретімізді бөліскендей, біздің жұбанышымызды да бірге бөлісіп, қолдап жүргендеріңді білеміз.

8Сондықтан бауырластар, Азия өңірінде басымызға түскен қиыншылықтар туралы сендерді хабарсыз қалдырғымыз келмеді, өйткені біз сол өңірде өз күшімізбен көтере алмайтындай ауыртпалыққа тап болып, қиналғанымыз соншама өмірден түңіліп, үмітімізді үзіп, тіпті,

9өлімге бел байладық, мұндай шешім біздің өз күшімізге емес, өлгенді қайта тірілтетін Құдайға сенім артуға үйретті.

10Міне, сол кезде Құдай төніп тұрған өлімнен бізді құтқарып алды, әлі де құтқаратын болады. Біз үмітімізді Оған артамыз, сондықтан Ол бізді құтқарады.

11Ал бұл сендердің біз үшін жасаған мінәжаттарыңның арқасында іске асып отыр, өйткені көпшіліктің жасаған мінәжаты бізге берілген жарылқау сый сияқты, себебі бұл мінәжат бізге арналғандықтан, ризашылықпен қабылданды.

12Біздің ар-ұжданымыз Құдайдың алдында қарапайым (шынайы) әрі таза екеніне кепіл болады, бірақ бұл тәндік даналық емес, бұл бізге берілген Құдайдың рақымдылығы, біз мұны мақтан етеміз.Осы әлемдегі біздің жүрістұрысымыз да соған сай болуы қажет.

13Сол үшін біз сендерге басқалар емес, өздерің оқып, түсіне алатындай етіп жазып отырмыз, мұны сендер ақырына дейін түсінеді деп үміттенеміз.

14Сендер бізді аз да болса түсіне бастадыңдар, ал біз сендердің мақтаныштарыңа айналдық, Иеміз келетін күні біз де сендермен осылай мақтанатын боламыз.

15Сендер екінші рет рақымдылыққа ие болсын деп, мен осы пікірімді жеткізу үшін, ең алдымен, сендерге бармақ болдым.

16Содан кейін сендер арқылы Македонияға өтіп кетіп, Македониядан қайтар жолда өздеріңе тағы соғып, сол жерден сендердің мені Яһудеяға шығарып салғандарыңды қалаған едім.

17Мүмкін, мен осы шешімді ойланбастан жасадым ба? Әлде қабылдаған шешімім тек тәндік тұрғыдан «иә» немесе «жоқ» болып шықты ма?

18Алайда біздің сендерге біресе «иә», біресе «жоқ» деп айтпайтынымызға Құдай да сенімді.

19Біз арқылы, яғни, мына мен, Силас пен Тімоте арқылы Құдайдың Ұлы Иса Мәсіх туралы өздеріңе айтылған уағызымыз біресе «иә», біресе «жоқ» болған емес, себебі Онда әрдайым тек қана «иә» деген бар.

20Құдайдың қаншама уәделері Ол арқылы орындалып, «иә» болды! Сондықтан біз Ол арқылы «Аумин!» деп айтамыз, бұл Құдайдың даңқын арттырады.

21Ал Мәсіхтегі бізді де, сендерді де нығайтып, майлайтын -Құдай,

22сондықтан Ол бізге мөрін басты, соның кепілі ретінде біздің жүрегімізге Құдай Өзінің Киелі Рухын салып қойды, бұл-Құдайдың ісі.

23Менің сендерге жаным ашығандықтан, бұдан былай Қорынт қаласына бармауға шешім қабылдадым, бұған Құдай куә.

24Алайда біздің мақсатымыз сендердің сенімдеріңнің үстінен билік жүргізу емес, керісінше, қуанышымызды өздеріңмен бөліскіміз келеді, өйткені сендер сенімде берік тұрсыңдар.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help