Жақып 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Құдайдың әрі Иеміз Иса Мәсіхтің құлы Жақып: -Шашырап, тарап кеткен он екі руға қуаныш тілейді.

2Менің бауырластарым, әртүрлі азғырылуға түсіп қалған әрбір сәттеріңді, қуанышпен қабылдаңдар,

3өйткені өздерің білесіңдер сендердің сенімдерің сыналған сәтте, одан төзімділік туындайды,

4ал төзімділіктерің іс-әрекетке келгенде кемелді, жетілген болсын, сонда сендер еш мінсіз толық қалыптасып, толықтай кемелді боласыңдар.

5Ал енді кейбіреулерге даналық жетіспей жатса, оны ол Құдайдан сұрасын, өйткені Ол сұрағанға еш жазғырмайақ береді, сондықтан оған да оп-оңай беріледі.

6Бірақ сұраған кезде еш нәрсеге күмәнданбай (еш күмәнсіз) сеніммен сұрасын, өйткені күмән келтіретін адам -ол теңіз бетінде желдің ары-бері айдауымен пайда болған толқынға ұқсас болады,

7міне, сондықтан сондай адам Иемізден бір нәрсе аламын деп ойламасын,

8өйткені мұндай ер адам екі жүзді, сондықтан ол өзінің жүретін жолдарының бәрінде тұрақсыз болады.

9Ал төменен жоғарыға көтерілген бауырымыз сол дәрежесіне мақтансын,

10ал бай адам өзінің төмен түскен дәрежесіне мақтансын, өйткені сол нәрсе гүлдеп, өсетін шөпке ұқсас.

11Өйткені күн көтерілген кезде, шөп күннің ыстық табынан қурап, оның гүлі түсіп, оның әдемі бейнесі солып құриды, сол секілді бай адам да өзінің жолымен жүріп-ақ солып қалады.

12Ал кім азғырылуға берілмей, соған қарсы тұрса, сол адам бақытты, өйткені ол сынақта төзімді болды, сондықтан ол Иеміздің Өзін сүйетіндерге уәде еткен өмір тәжін алады.

13Егер де біреу азғырылуға түсіп қалса, менің азғырылуым Құдайдан болып жатыр деп айтпасын, себебі Құдай зұлымдыққа бармайды, әрі Ол ешкімді де азғырмайды.

14Керісінше, әркім өзінің құмарлығының жетегіне еріп, сол құмарлығы арқылы еліктіріушінің қармағына түседі,

15сонда құмарлық тамырланып, күнә тудырады, ал істелген күнәдан - өлім туады.

16Менің сүйікті бауырластарым, алданып қалып жүрмеңдер.

17Себебі, әрбір сый да, әрбір толықтай берілетін сыйлар да жарықтарды жаратқан көктегі Әкеден келеді, себебі Оның көлеңкесінің өзі еш өзгеріске түспейді.

18Ол бізді Өзінің жаратылысындағы ең алғашқы жемістерінің бірі болсын деп, Өз қалауына сай, бізді шынайы Өзінің сөзімен туғызып алды.

19Менің сүйікті бауырларым, мынаны естеріңе сақтап алыңдар: әрбір адам естуге жылдам, сөйлуге шабан, ал ашуға баяу болсын,

20өйткені ашуға берілген адам, Құдайға ұнайтын әділ шешім шығара алмайды.

21Сондықтан кез -келген лас, әрі зұлымдыққа толы нәрселерді ысырып тастаңдар да, жандарыңды құтқару үшін, жүректеріңе дән болып себіліп жатқан сөзді кішіпейілдікпен қабылдаңдар.

22Сөзді тек тыңдап қана қоя салатын тыңдаушы емес, оның орнына сөзді орындайтын оның орындаушысы болыңдар.

23Өйткені егер де біреу сөздің орындаушысы емес тек оның тыңдаушысы болса, онда ол өз бейнесін, өз табиғатын тек айнадан көре алатын адамға ұқсас болады,

24өйткені ол өз бейнесін тек айнаның алдында тұрса ғана көре алады, ал былай шыққан кезде ол өзінің қандай болғанын сол сағатта-ақ ұмытып қалады.

25Ал енді кім өзін кемелділікпен, бостандыққа жетелейтін заңға ден қойып, соны сақтап, соны орындайтын болса, ол ұмытшақ тыңдаушы емес, керісінше ол соны іске асырушы болады, сондықтан ол әр істеген істерінде бақытты болады.

26Егер де біреу өзін Құдайшыл ретінде көрсетіп, ал өз тіліне ие бола алмаса онда ол өз жүрегін өзі алдап жүр, оның бұл әрекеті түкке тұрмайтын бос Құдайшылдық болып табылады.

27Ал Құдай мен Әкеге деген таза, да кіршіксіз Құдайшылдық ол: жәбір көрген жетімдер мен жесірлерге қамқор болу, ол осы әлеммен өзін кірлетпей, өз-өзін таза ұстау болып табылады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help