1Бауырластар, рухани дарындар туралы сендердің білгендеріңді қалаймын.
2Бір кездері сендер басқа ұлт ретінде өз беттеріңмен бөлек жүргенде, тілсіз пұтқа табынып, соның жетегіне ергендеріңді өздерің де білесіңдер.
3Сол үшін де сендер мынаны біліп алсаңдар екен: Құдайдың Рухымен сөйлейтін адам Исаға қарсы ешқандай қарғыс сөз (анафема) айтпайды, Киелі Рухтың көмегінсіз ешкім де Исаны Ием деп айта алмайды.
4Әр түрлі дарындар бар, ал Рух-Біреу.
5Алуан түрлі қызметтер бар, Иеміз-Біреу.
6Әр түрлі іс-әрекеттер бар, алайда Құдай-Біреу, Құдай әрбір жағдайда әр түрлі әрекет етеді.
7Сондықтан әркімге Рух ортақ істе игілікті болу үшін беріледі.
8Міне, сондықтан біреуге Рухтан даналық сөз берілсе, басқасына сол Рух арқылы білімді сөз беріледі.
9Сол Рухтан біреуге сенім берілсе, Сол Рухтан басқа біреуге сауықтыру дарыны беріледі.
10Кейбіреуге іс-әрекет жасайтын күш-қуат берілсе, тағы біреуіне пайғамбарлық, енді біреуге рухтарды ажырату, басқасына неше түрлі тілдерде сөйлеу дарыны, әлдекімге сол тілдерде айтылғандарды түсіндіру дарыны беріледі.
11Осының бәрін іске асыратын-Сол бір Рух және әрқайсысына сол дарындарды өз қалауынша бөліп беретін де - Сол бір Рух.
12Егер де біз денені алып қарайтын болсақ, оның көптеген мүшелері бар, оның мүшелері қаншама көп болғанымен, барлығы бірігіп, бір денені құрайды, Мәсіхтің денесімен де дәл солай.
13Мейлі яһудей немесе грек болсын, мейлі құлдар немесе бостандықта жүргендер болсын, бәріміз Сол бір Рух арқылы бір денеге батырылып, бір Рухтан сусындадық.
14Сонымен, денеде бір ғана мүше емес, көптеген мүшелері бар дедік.
15Егер де аяқ: «Мен қол емеспін, сондықтан мен дене мүшесіне жатпаймын!» -дейтін болса, ол бәрібір сол дененің мүшесі емес пе?
16Егер де құлақ: «Мен көз емеспін, сондықтан мен денеге жатпаймын!» -дейтін болса, ол да бәрібір сол денеге жатпай ма?
17Егер де бүкіл дене тек көзден ғана тұратын болса, онда есту қабілеті қайда болады? Егер де бүкіл дене тек есту қабілетінен тұратын болса, онда иіс сезу қабілеті қайда болады?
18Құдай Өзінің қалауымен әрбір мүшені денеге орын -орнымен орналастырып қойды.
19Егер де олардың бәрі тек бір ғана мүше болса, онда дене қайда болар еді?
20Енді қазіргі жағдайға келер болсақ, көптеген мүше бір денені құрап тұр.
21Сондықтан көз қолға: «Мен саған мұқтаж емеспін!» -деп айта алмайды, сол секілді бас та аяққа: «Мен сендерге мұқтаж емеспін!» - деп айта алмайды.
22Сол себепті де денеге керек деген көп мүшелерден гөрі әлсіз мүшелер өте қажет болуы мүмкін.
23Денедегі кейбір құрметке лайықсыз деген мүшені біз көбірек бағалаймыз, ал мән бермей, құнсыз деп есептеген дене мүшелеріміз үлкен құрметке ие болады,
24алайда біздің сол аса құнды деп санап жүрген мүшеміз құрметке сондай мұқтаж да емес. Құдай денені жаратқан кезде, сол құрметке мұқтаж болған мүшені көбірек қамқорлыққа алу үшін жаратты,
25сол кезде денеде өзара бөліну болмайды, керісінше, олар бір-біріне қомқорлық көрсететін болады.
26Егер де бір мүше қиналатын болса, онымен бірге барлық мүше азап шегеді, ал бір мүше даңқталатын болса, онымен бірге барлық мүше қуанатын болады.
27Сонымен, сендер Мәсіхтің денесі болдыңдар әрі Оның денесінің бір-бір мүшесісіңдер.
28Сондықтан Құдай қауымға біріншіден елшілерді, екіншіден пайғамбарларды, үшіншіден тәлімгерлерді берді. Одан кейін кереметтер жасайтын күш, сосын сауықтыру дарындарын, (мұқтаждарға) жәрдем берушілерді, басқарушыларды, біреулерге түрлі тілдерді берді.
29Алайда бәрі бірдей елші ме? Бәрі бірдей пайғамбар ма? Бәрі бірдей тәлімгер ме? Бәрі бірдей күшті ме?
30Дарындардың бәрі бірдей сауықтыра ала ма? Бәрі бірдей тілдерде сөйлей ала ма? Бәрі бірдей осы тілдерді түсіндіріп бере ала ма?
31Ең бастысы ең үлкен (маңызды) дарындарға ие болуға ұмтылыңдар. Соған ие болатын ең жақсы жолды мен сендерге көрсетіп берейін.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.