1Мен де еркіндікте жүр емеспін пе? Мен Мәсіхтің елшісі емеспін бе? Мен біздің Иеміз Исаны көрдім емес пе? Менің Иеміздегі игі ісімнің жемісі сендер емессіңдер ме?
2Егер мен басқалар үшін Мәсіхтің елшісі болмасам да, сендер үшін елшімін! Себебі сендердің Иемізде болғандарың менің елшілігімнің мөрі болып табылады.
3Міне, мені сыртымнан соттайтындардан өзімді осылай қорғаймын.
4Сонымен, біздің де ішіп-жеуге қақымыз жоқ па?
5Немесе басқа елшілер сияқты немесе Иеміздің бауырлары Кифа сияқты біздің де сенуші әйелдерімізді (сенуші әйелдерге үйленіп) өзімізбен бірге ертіп жүруге билігіміз жоқ па?
6Әлде жалғызбасты менің не болмаса Барнабаның жұмыс істемеуге билігі жоқ па?
7Қашаннан бері және қандай сарбаз әскери қызметтің шығынын өзі төлейді? Өзі отырғызып, өзі өсірген жүзімдіктің жемісінен кім жемейді? Немесе табын-табын мал бағып, малының сүтінен кім ішпейді?
8Мен мұны адамның іс-әрекетіне байланысты айтып тұрмын ба? Әлде Заңда осы туралы айтылған ба?
9Мұсаның Заңында: «Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума», -деп жазылған. Құдай осы жерде тек өгіздің қамын ойлап тұр ма?
10Әлде осының бәрін біз үшін айтып тұр ма? Әрине, біз үшін жазылған: «Жер жыртушының да жерден өнім аламын деген үміті болу керек және астық бастырушының да өнімнен өзіне тиесілі бөлігін аламын деген үміт болуы керек».
11Егер де біз сендерге рухани нәрді егіп, тек тәнге қажетті нәрселерді ғана орып алсақ, көптік етпей ме?
12Ал егер де басқа біреулер сендердің үстеріңнен билік етіп жатса, онда біздің жасап жүрген билігіміз одан да биік болмай ма? Бірақ біз сол билікті қолданбаймыз, керісінше, сол нәрсе Мәсіхтің Ізгі хабарын таратуға қандай да бір кедергі әкелмесін деп, бәріне көніп, барлық жағынан ұстамды болдық.
13Өздерін Құдайға бағыштап, қызмет етіп жүргендер тамақты ғибадатханадан ішетінін, ал құрбандық шалатын жерде қызмет атқарып жүргендер өз үлестерін сол құрбандық үстеліндегі құрбандықтан алатынын сендер білмейсіңдер ме?
14Сондықтан Иеміз Ізгі хабарды таратып жүргендер де дәл солай Ізгі хабардан түсетін өнімнен өмір сүруіне нұсқау берген болатын.
15Ал мен осы аталған нәрселердің ешқайсысын да өз пайдама қолданған емеспін. Осы туралы жазғанда да өзіме пайда келтірейін деген ой болған емес. Өйткені өзім мақтан тұтып, ұстанып жүрген қасиеттерімді біреудің аяғына таптатқанша, өлгенім артық.
16Мен Ізгі хабарды таратып жүргеніме мақтанбаймын, себебі бұл-маған Иемізден жүктелген міндет, егер де мен Ізгі хабарды жарияламайтын болсам, онда ол маған қасірет болмақ!
17Егер де мен мұны өз еркіммен атқаратын болсам, онда мен өзіме лайықты ақымды аламын, ал егер де еріксіз істеген болсам, онда мен сенімді адал басқарушыға айналдым.
18Сонымен, мен қандай сыйақы аламын? Менің ұсынысым: Ізгі хабардың тегін жариялануы үшін, мен өзіме берілген билікті Ізгі хабарды таратқанда пайдаланбағаным дұрыс.
19Мен барлық жағынан өзімді еріктімін деп санасам да, Құдайға көбірек адамдар әкелу үшін, өзімді барлық жағынан бәрінің құлы еттім.
20Сонымен, мен көптеген яһудейлерді Құдайға әкелу үшін, олар сияқты яһудей болдым. Өзім Заңның астында жүрмесем де, Заңға сүйенетіндерді Құдайға көбірек жақындату үшін, Заңға сүйенетін адамдай болып жүрдім.
21Ал заңсыздармен Заңды білмейтін адам сияқты, ал Құдайдың заңымен өмір сүрмейтіндермен, керісінше, Мәсіхтің заңы бойынша жүріп, оларды да Құдайға жақындатуға тырыстым.
22Сонымен қатар, әлсіздерді Құдайға жақындату үшін, оларға әлсіз болып көріндім. Осылай өзімді барлық жағынан бәріне құл етіп, әр түрлі жолмен біразын құтқарып қалуға тырыстым.
23Осының бәрін мен Ізгі хабардың абыройы үшін істедім, өйткені тек осылай істегенде ғана Оның қызметшісі бола аламын.
24Жүгіруден жарысқа шыққандардың арасынан тек біреуі ғана жүлдеге ие болатынын сендер білмейсіңдер ме? Жүлде алу үшін, сендер де жүгіруге тиіссіңдер.
25Әрбір қатысушы барлық жағынан ұстамды болуға тырысады, өйткені олардың алатын тәжі шіріп жоқ болатын (тез бұзылатын) гүл шоқтары, ал біздің алатын тәжіміз -ешқашан шіріп кетпейтін (бұзылмайтын) мәңгілік тәж.
26Міне, сондықтан мен мақсатсыз бекер жүгіріп, тек ауаны жұдырықтап жүрген біреу емеспін.
27Керісінше, Ізгі хабарды басқаларға жариялауда өзім де жүлдеге лайықсыз болмауым үшін, өз тәнімді жаттықтырып, өзіме бағындырып жатырмын.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.