1Сонымен менің сүйікті әрі жақсы көретін бауырластарым, маған қуаныш пен жеңістің тәжін алып берген сүйікті, бауырластарым, Иемізде нық тұрыңдар.
2Осыны Еуодия мен Сүнтүхеден де өтініп сұраймын, Иеміздің бірлігінде болыңдар.
3Менің адал да сенімді көмекшім, «сол екеуіне көмектесе гөр» деп сенен өтінемін, өйткені олар менімен де Кілеметпен де және басқа да, сол өңірде қалып қойған менің әріптестеріммен бірге ізгі хабар үшін күресуін әлі де тоқтатқан жоқ, ал олардың аттары өмір кітабында жазулы тұр.
4Ал сендер Иемізбен тығыз қарым-қатынасқа түстіңдер, сол үшін қуаныштарың ешқашан үзілмейтін болсын, тағы да айтамын, қуаныңдар.
5Адамдардың бәрі-сендердің ізгі де, мейірімді екендеріңді білетін болсын, өйткені Иеміздің келуі жақындап қалды.
6Кез келген нәрсенің қамын жеп, уайымға салынбаңдар, керісінше кез келген жағдай үшін мінәжат етіңдер, ал мінәжат пен өтінштерің Иеміздің құлағына жетсін десеңдер, оны алғыспен бастаңдар.
7Сонда ешқандай да бір ой санамен түсініп болмайтын Құдайдың амандығы мен тыншытығы, сендердің жүректеріңді қорғайды, әрі ойларыңды Мәсіхке бағыттап сонда сақтайтын болады.
8Бауырластар, соңында айтайын дегенім: -шындықтың қаншалықты биік, оның қаншалықты құрметке лайықты, әрі оның қаншалықты әділетті, әрі оның қаншалықты таза, әрі оның қаншалықты тартымды, әрі оның қаншама жағымды жағы бар екені туралы, әрі нені әдепті деп санауға, әрі нені дәріптеуге болады тек солар туралы ойлаңдар.
9Әрі сендер менен үйреніп, менен қабылдап алғандарыңды, менен естігендеріңді, немесе менен не көрдіңдер соның бәрін іске асырыңдар, сонда Құдайдың амандығы мен бейбіт берекесіне толы Оның тыныштығы сендермен бірге болады.
10Қайтадан менің жағдайымды ойлап, мені қайта өз қамқорлықтарыңа алғандарың үшін қатты қуанып, Иемізге алғысымды білдірудемін, өйткені кезінде менің жағдайымды көтеретін мүмкіншіліктерің болмаса да, менің жағдайымды ойлап, қамқор болдыңдар.
11Мен мұны жетпей жатқандықтан айтып тұрған жоқпын, себебі мен қолдағы барды қанағат тұтудың жолын үйреніп алдым.
12Сондықтан мен жоқшылықты да, баршылықты да білемін. Барлық жағдайда да, кез келген жағдайда да тоқ болып та, аш болып та, баршылықта да, жоқшылықта да жүрудің сыры неде екенін біліп алдым.
13Мен осының бәрін тек маған күш беретін Мәсіхте болсам ғана істей аламын.
14Алайда менің ауыр жағдайымды ескеріп соған ортақтасқандарың өте жақсы болды.
15Філіптіктер өздерің білесіңдер, мен алғаш рет осы ізгі хабарды таратып, мен енді Македониядан шығайын деп жатқан кезде, сендерден басқа ешқандай да бір қауым менімен хабарласып, өздерінің не бере алатыны туралы, не қабылдай алатыны туралы ешқандай хабар берген де жоқ, ал соны істеген тек жалғыз сендер болдыңдар.
16Өйткені мен Салоника қаласында жүрген кезде, тек сендер ғана мен мұқтаж болған нәрсені бірнен соң бірін, екі рет қатарынан жібердіңдер.
17Мен мұны сендерден бір сый-сияпат іздегеннен емес, керісінше сендердің істеп жүрген істеріңнің жемісін көбейтетін жолды іздегендіктен айтып тұрмын.
18Менде бәрі бар, асып та, төгіліп те жатыр. Сендердің жұпар иісті, әрі жағымды, әрі Құдайға ұнамды құрбандықтарыңды Епафродиттен қабылдап алдым, сол бәрін толтырып тастады.
19Ал менің Құдайым, сендердің әрбір мұқтаждықтарыңның орнын, Өзінің Мәсіх Исадағы даңқы мен байлығына сай толтырады.
20Сонымен әрі Құдайымыз, әрі біздің Әкеміздің даңқы ғасырдан-ғасырға жасай берсін! Аумин!
21Киелі болып Мәсіх Исада жүрген әрбір бауырларға бізден сәлем айтыңдар! Менің қасымда жүрген бауырластардың бәрі сендерге сәлем айтуда!
22Киелі бауырластардың бәрі сендерге сәлем айтып жатыр, әсіресе императордың үйінде қызмет етіп жүргендер, сендерге сәлем айтуда!
23Иеміз Иса Мәсіхтің рахымы, сендердің рухтарыңмен бірге болсын!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.