Қорынттықтарға 1 2 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Бауырластарым, мен өздеріңе келіп, Құдайдың құпиясын жариялағанымда шешен сөзді немесе даналықтың ерекше бір артықшылықтарын пайдаланбадым.

2Сендермен бірге болған сәттерімде тек Иса Мәсіх пен Оның айқышы туралы білуді және сол туралы ғана айтуды қажет деп таптым.

3Сендердің орталарыңда болған сәтте мені әлсіздік пен қорқыныш билегендіктен, көп мазасыздандым.

4Бірақ та сөйлеген сөзім мен айтқан уағызымда адамның даналығын айқындайтын сөздерге емес, керісінше, Рухтың жетегі мен күшіне сүйендім.

5Менің көздеген мақсатым сендердің сенімдеріңді адамның даналығына емес, қайта, Құдайдың күшіне негіздеп бекіту болатын.

6Біз кемелді болғысы келетіндерге даналық жайлы айтып бере аламыз, алайда біздің айтып жүргеніміз осы әлемнің немесе осы әлем билеушілерінің даналығы емес, өйткені олар құрдымға кетіп, еш пайдаға аспай, жоқ болады.

7Біз жариялап жүрген даналық-бұл осы уақытқа дейін жасырын болып келген Құдайдың құпия даналығы. Міне, біз осыны жариялап жүрміз, Құдай оны біздің даңқымыз үшін осы әлем жаратылмастан бұрын оны белгілеп, бекітіп қойған.

8Осы әлем билеушілерінің ешқайсысы да бұл туралы білген емес, егер де олар мұны білген болса, онда Құдайдың даңқына бөленген біздің Иемізді айқышқа шегелемес еді.

9Бұл туралы Жазбада: «Құдайдың Өзін сүйетіндерге не дайындап қойғанын ешбір көз көрмеді, ешбір құлақ естімеді және бұл ешбір адамның жүрегіне де келген емес», -деп қалай жазылған болса, дәл солай болып тұр.

10Құдай сол құпия болған нәрсені тек Өзінің Рухы арқылы бізге ашып берді, өйткені Рух бәрін зерттеп, тексереді, Ол Құдайдың еркін терең ұғынып, түсінеді.

11Себебі адамдардың қандай рухпен жүргенін тек адамның өз рухынан басқа кім біле алады? Құдайдың Рухымен де сол сияқты, яғни, Өзінің Рухынан басқа ешкім де Құдайдың Рухын (ой-ниетін) біле алмайды.

12Біз осы әлемнің рухын емес, Құдайдың рухын қабылдағанымызды білеміз, сол арқылы Құдайдың бізге не сыйлағысы келетінін де білетін боламыз.

13Сондықтан біз оқымысты адамдардың сөздеріне сүйеніп айтылатын даналық туралы айтпаймыз, керісінше, рухани нәрсені рухани тұрғыда салыстыра отырып оқытып, бізге үйрететін Рухтың сөзімен айтамыз.

14Өзінің ішкі жан дүниесінен шығатын сезімге беріліп, соның жетегімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдай алмайды, өйткені ол мұны ақымақтық деп санайды, сондықтан ол Құдайды жақыннан танып -біле алмайды, мұны тек рухани тұрғыда ойлап, талқылау қажет.

15Тек сонда ғана ол рухани тұрғыда талданып, өз шешімін табады, оны ешкім өз бетінше шеше алмайды.

16«Кім Иеміздің ақыл-ойын жақыннан танып біліп, кім Оған кеңес бере алады?» Бізде Мәсіхтің ақыл-ойы бар.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help