Салониқалықтарға 1 5 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Бауырластар, сендерге уақыттар мен мерізімдер жайлы жазып жатудың қажеті жоқ,

2себебі өздерің білесіңдер Иеміздің қайтып келетін күні, түнде келетін ұрының сәтіне ұқсас болады.

3Өйткені сол кездері әлем тыныштық пен қауіпсіздік жайлы айтатын болады, міне сонда азапқа толы толғақтың уақыты босанатын әйелге қалай кесе, оларға да апат аяқ асты келеді, себебі олар одан қашып құтыла алмайды.

4Бауырластар, сендерді сол күн ұры секілді келіп, басып алатындай сендер түнекте жүрген жоқсыңдар,

5өйткені сендер жарықтың ұлдары, яғни жарқыраған жарық күннің ұлдарысыңдар. Біз түннің немесе түнектің ұлдары емеспіз.

6Сондықтан, біз басқалары секілді ұйқтап қалып жүрмейік, керісінше ояу әрі өте сергек болайық.

7Өйткені ұйқтайтындар тек түнде ұйықтайды, ал мас болатындар тек түнде мас болады.

8Ал біздер күндіз жүреміз, сондықтан сергек болайық, сеніммен сүйіспеншілікті сауыт ретінде, ал құтқарыламыз деген үмітті дулыға ретінде киіп алайық

9өйткені Құдай бізге Оның қаһарына ұшырасын деп отырған жоқ, керісінше Ол құтқарылуды бізге-біздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы алғанымызды қалады.

10Міне, сондықтан Мәсіх біз үшін өлді, сонымен егер де біз сергек болсақ та, не ұйықтап қалсақ та біз Онымен бірге өмір сүруді бастадық.

11Сондықтан сендер бір-біріңе жігер беріп, біріңді-бірің сүйемелдеп тұрғызатын іс-әрекетті қалай атқарып жүрсеңдер, соны солай істей беріңдер.

12Бауырластар, біз сендерден мынаны өтініп сұраймыз: өздеріңмен бірге еңбектеніп, сендерді Иеміздің жолымен жүруге жетелеп, өздеріңді соған үйретіп жүргендерді жақыннан танып білуге тырысып,

13олардың істеген істерін бағалап, оларды құрметтеңдер. Өз ара бір-біріңмен тату болыңдар.

14Бауырластар, өздеріңнен тағы өтініп сұрайтынымыз: -тәртіпсіздерді тәртіпке шақырып, қайраты жоқтарға қайрат-жігер беріп, ал әлсіздерді жетелеп, барлық жағдайда төзімді болыңдар.

15Байқаңдар, біреудің зұлымдығына, біреу зұлымдықпен жауап қайтарып жүрмесін, керісінше бір-біріңе жақсылық жасаңдар, әрқашан да барлығың сол жақсылықтың жолын қуыңдар.

16Ұдайы қуанышта жүріп,

17үздіксіз мінәжат етіп,

18қандай жағдай болмасын барлығына ризшылық білдіріңдер, себебі мұны Иса Мәсіхтегі сендерге Құдайдың берген еркі деп қабылдау қажет.

19Рухтың отын өшірмеңдер,

20Пайғамбарлықты елемей жүрмеңдер.

21Бәрін тексеріп, тек жақсысын ғана ұстаныңдар.

22Зұлымдықтың барлық түрінен өздеріңді аулақ ұстаңдар.

23Ал енді тыныштықтың Құдайы, сендерді Өзі тазалап сендерді толықтай кемелділікке жеткізсін, сөйтіп сендердің рухтарың мен жандарың, әрі тәндерің Иеміз Иса Мәсіх келгенше мінсіз күйінде сақталсын.

24Сендерді шақырып алған Құдай-сенімді Құдай, сондықтан Ол осыларды іске асырады.

25Бауырластар, біз үшін де мінәжат етіңдер.

26Барлық бауырластарға деген сәлемдемемізді, шынайы сүйіспеншілікпен жеткізіңдер.

27Иеміздің атымен, бауырластарымыздың бәріне осы хатты оқып берсе екен деп жалынып сұраймын.

28Иеміз Иса Мәсіхтің рахымдылығы сендермен бірге бола берсін!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help