1Сонымен мен, барлықтарыңнан ең алдымен сұрайтыным, мінәжат етіңдер, мінәжаттарың да барлық адамдар үшін өтініш білдіретін, қолдау көрсететін, араша болатын, алғыс айтатын өтініш болсын.
2Сонымен қатар патшалар үшін де, әрбір билік иелері үшін де мінәжат етіңдер, бұл бізге, барлық жағынан ізгі қасиетке бөленіп, бәріне құрмет көрсетіп, тыныш өмір сүруімізге мүмкіндік береді.
3Бұл жақсы нәрсе, әрі осындай іс-әркет бізді Құтқарып алатын Құдайға да ұнамды.
4Өйткені Ол барлық адамдардың құтқарылғанын, әрі олардың Оған келгенін, осылай олардың да шындықты танып, білгенін қалайды.
5Себебі, Құдай біреу, әрі адамдар мен Құдайдың арасындағы дәнекер де біреу, ал Ол адам Мәсіх Иса,
6міне, Сол біздің құнымызды төлеп, бәрімізді сатып алу үшін, Ол Өз өмірін Өзі құрбандыққа берді, ал осы туралы өз уақытында куәлік те берілді.
7Менің жаряилап жүргенім де-Сол, сондықтан мен Оның елішісі болдым, сондықтан айтқаным өтірік емес шындық, әрі өзге ұлттың өкілдерін сенім мен шындыққа үйретіп жүрген тәлімгермін.
8Сондықтан, мен, біздің ер азаматарымыз, қай жерде жүрсе де, ашу-ызасыз, әрі тай-талассыз өздерінің тап-таза қолдарын көкке көтеріп, мінәжат еткенін қалаймын.
9Сонымен қатар, әйелдер де өздерін, өрілген шашпен немесе алтын, әрі маржан тастармен немесе қымбат киімдермен емес, керісінше өздерін қарапайым киіммен, ар-ұятпен, әрі саналы ізгілікпен әрлеп-әшекейлеп,
10Құдайды өздері қалай қастерлейтіндерін, өздерінің әйелдерге тән жақсы іс-әрекетері арқылы көрсетсін.
11Әйелдер тәлім алған кезде, тыншытықты сақтап, барлық жағынан бағынатын болсын.
12Әйелге еркектің үстіне билік жүргізіп, еркекті үйретуге рұқсат бермеймін, керісінше тыныштықты сақтайтын болсын.
13Себебі, ең бірінші Құдай Адам атаны жаратты, одан кейін барып Хауа ана жаратылды.
14Әрі алданып қалған Адам ата емес, керісінше әйел алданып қалды да, содан кейін ол қылмыс жасады.
15Сондықтан егер де әйел сенімде, сүйіспеншілікте, киелікте, ұстамдылықта жүретін болса, онда ол тек бала туу арқылы құтқарылатын болады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.