Тимотейге 1 3 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Егер де біреу *бақылап жүріп, бағатын бағушылыққа ұмтылатын болса, онда оның қалауы жақсы, әрі игі.

2Ал бақылап жүріп бағатын бағушы болу үшін, мінсіз болу қажет, ол бір әйелге күйеу болған, ойы зерек, әдепті, қонақжай, басқаларды үйретіп тәлім бере алатын қабілеті бар,

3ішімдікке құмар емес, төбелеске жақын емес, керісінше ізгі ниетті, кең пейілді, не қазымыр, не ақша құмар емес,

4өз үйін жақсы басқарып жүрген, бойында балаларын барлық жағынан бағынушылыққа, тәртіптілікке жетелей алатын қасиеттері болуы қажет.

5Егер ол өз үйін қалай басқаруды білмесе, онда ол Құдайдың қауымына қалай қамқорлық көрсетеді?

6Әрі өр көкіректеніп, сайтанның ықпалына түсіп қалмас үшін, бұл қызметке сенімге жақында келген адамдар тағайындалмайды.

7Өйткені ол туралы сыртында жақсы куәлік айтылуы тиіс, ал осы нәрсе оның сыртынан жаман сөз айтылмау үшін, әрі оның сайтанның тұзағына түспеуі үшін пайдалы.

8Сонымен қатар, қатардағы қызметкерлер де құрметке лайықты, екі сөзді емес, шарапқа әуестігі жоқ, тек қара басының қамын ойлайтын пайдакүнем емес, керісінше

9ар-ұятын таза ұстайтын, әрі сенімнің құпиясын басқаларға ашып бера алатын жан болуы қажет.

10Әрі олар ең алдымен сыналып сынақтан өтіп, мінсіз болды-ау деген кезде барып, қызметтеріне кірісуі тиіс.

11Олардың әйелдері де дәл осындай қасиетке ие болған, өсек айтпайтын, ойы зерек, барлық жағынан адал болу қажет.

12Қызметші ер азаматтар тек бір әйелдің күйеу болып, өз балалары мен өзінің үйіндегілерді басқара алатын жағдайда болуы қажет.

13Себебі тек қызметтерін жақсы атқарып жүргендер ғана жақсы абыройға ие болады, әрі Мәсіх Исадағы сенімі нығайып батыл болады.

14Мен мұны саған жақын арада өзіңе барып қалам ба деген үміттен жазып отырмын,

15ал егер бара алмай кешігетін болсам, сен осылар арқылы Құдайдың үйінде өзіңді қалай ұстау керек екенін біліп ал, өйткені Ол қауым, яғни Ол тірі Құдайдың мекені, сондықтан тек шындық қана ол жерде діңгек пен тіреу болып тұруы қажет.

16Мына бір ізгі қаситетте бір ұлы құпияның бар екенін бәрі мойындайды: -Ол анық денеде көрінді, Оның әділдігі Рухпен дәлелденді, Ол Өзін періштелерге көрсетті, Ол туралы халықтардың арасында уағыздалды, осы әлем Оған сенді, одан кейін Ол даңққа бөленіп көкке көтерілді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help