Тимотейге 1 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Біздің үмітіміз Иса Мәсіхте, сондықтан Құтқарушы Құдайдың бұйрығы бойынша Мәсіх Исаның елшісі болған Пауыл

2сенімдегі шынайы балам Тимотейге, Әкеміз Құдай мен Иеміз Мәсіх Исаның рахымын, мейірімін әрі берекелі бейбіт тыныштығын тілейді.

3Мен Македонияға кетіп бара жатып, сенің Эфес қаласында қалуыңды өтінген кезде, сондағы басқа бір жалған ілімге беріліп, басқаларды соған үйретіп жүрген кейбір адамдарға тосқауыл қой деп өзіңе нұсқау берген болатынмын.

4Өйткені олар Құдайға деген сенімді нығайтып, оны тұрақты етудің орнына, керісінше аңыздер мен ешқашан бітпейтін шегі жоқ шежірелермен айналысып, көбінесе дау-дамай туғызуда.

5Ал ілімнің негізгі мақсаты таза жүректен шығатын сүйіспеншілік пен таза ар-ұятты оятып, әрі жасанды емес, шынайы сенімді паш ету болып табылады.

6Алайда кейбіреулері осы бағыттан адасып, басқа жаққа бұрылып, бос сөздің жетегімен кетті.

7Олар заңды үйретуші болғылары келгенімен, өздерінің не туралы айтып жүргенін, әрі өздерінің нені дәлелдеп жүргендерін де түсінбейді.

8Біз мынаны білеміз: егер кімде-кім заңды дұрыс, яғни оны заңның талабына сәйкес пайдаланса, оның пайдасы бар;

9сонымен білетініміз мынау: әділ жолмен жүру үшін заңның еш қатысы жоқ, ол тек заңсыз жүретіндермен оған бағынбайтындарға, яғни зұлымдар мен күнәһарларға, арамзалармен жексұрындарға, әкелері мен шешелерін өлтірушілерге, яғни кісі өлтірушілерге,

10нәпсісін тия алмағандарға, еркекжанды еркектерге, адам сатқыштарға, өтірікшілерге, ант бұзушыларға, сонымен қатар ізгі ілімге қарсы тұрғандар үшін берілсе,

11ал мен сенген ізгі хабар ол Құдайдың даңқын паш ету үшін, әрі бақытқа бөлеу үшін берілді.

12Мен маған күш беріп, мені нығайтқан Мәсіх Исаға алғысымды білдіремін, өйткені Ол маған сенім білдіріп, мені сенімді деп санап мені қызметке қойды.

13Ал мен болсам осыған дейін Құдайға тіл тигізіп, басқаларды қудалап, басқаларға жәбір көсететіп жүрдім, бірақ мен сол істерді Құдайды білмегендіктен істедім, сондықтан Құдай маған мейрімін төгіп, кешірімін берді,

14сөйтіп біздің Иеміз рахымын маған молынан төігіп, Мәсіх Исаға деген сеніммен сүйіспеншілікті берді.

15Себебі, Мәсіх Иса осы әлемге күнәһарларды құтқарып алу үшін келді деген сөз, ол дұрыс, нақты әрі барлық жағынан лайықты айтылған сөз, ал сондағы бірінші күнәһар мен болдым.

16Міне, сол үшін Ол маған мейірімін төгіп, мені кешірді, сондықтан Иса Мәсіх Өзінің шыдамының ұзаққа бара алатынын, ең бірінші маған көрсетті, сондағы мақсаты болашақта Оған сену арқылы мәңгі өмірге ие болып, соны көруге дайындалып жүргендерге мені үлгі етіп көрсету болатын.

17Міне, сол үшін, Ғасырлардың Патшасы, Мәңгі тірі, көзге көрінбейтін жалғыз Құдай құрметтеліп, Оның даңқы да ғарсырдан-ғасырға арта берсін! Аумин!

18Тимотей балам, бұл менің саған берген бұйрығым, өзіңе алдын-ала берілген пайғамбарлық бойынша, сен олармен өзінің жауынгерлік міндетін жақсы атқаратын жауынгер ретінде күресіп келесің,

19бұған себеп, сенде сенім де, ар-ұят та бар, ал кейбіреулері сенімді өздерінен итеріп тастап, одан бас тартақан кезде, олар кеме секілді апатақа ұшырады.

20Солардың арасында Үменей мен Ескендір де бар, мен оларды тәрбиелеу үшін, әрі енді олар бұдан былай Құдайға тіл тигізбесін деп, мен оларды сайтанның қолына тапсырдым.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help