1Сондықтан Ладокиялықтар сендер менің сендер үшін бір үлкен күрестің ортасында жүргенімді білсе екен деймін, өйткені сендердің көпшілігің менің бет жүзімді әлі де көрген жоқсыңдар.
2Сондағы мақсатым: сендердің жүректеріңе жұбаныш беріп, оған сүйіспеншілік ұялата отырып, Құдайдың Мәсіхтегі құпиясы жайлы сендерге толықтай ашып, соны өздеріңе молынан түсіндіріп беру болатын.
3Себебі бүкіл даналық пен білімнің қазынасы Мәсіхте жатыр.
4Мұны мен өздеріңе ешкім де сендерді өздерінің үгіт насихат сөздерімен алдап, адастырып кетпесін деп айтып отырмын.
5Әрине, қазір мен тәни тұрғыда сендермен бірге емеспін, алайда рухыммен сендермен біргемін, өйткені сендердің үлгілі тәртіптерің мен сендердің Мәсіхтегі берік сенімдеріңді көріп қуанып жүрмін.
6Сонымен сендер Мәсіх Исаны Иеміз деп қабылдадыңдар, сондықтан ендігі өмірлеріңді Мәсіхте өткізіңдер,
7тамырларыңды Мәсіхте терең жайып, Мәсіхте құрлып, Мәсіхте негізделіңдер, сенімге қалай үйретілген болсаңдар, алғыс айтуға да дәл солай ұмтылыңдар.
8Байқаңдар, ешкім сендерді Мәсіхпен еш байланысы жоқ, осы әлемдегі құбылыстар мен философияға байланысты адамдардың айтып жүретін аңыз әңгімелері арқылы алдап, сендерді өздерінің тұзағына түсіріп кетіп жүрмесін.
9Өйткені Құдайдың толық болмысымен Оның толық Құдайылық қасиеті тек Мәсіхтің денесінде өмір сүруде,
10ал сендерді толықтыратын да, толтыратын да Мәсіх, өйткені барлық бастаманың басы әрі барлық биліктің де басы Мәсіх болып саналады.
11Сондықтан сендер тәннен қолмен ет кесіп алу арқылы жасалатын сүндеттелуден емес, адамды ескі табиғатынан күнәні алып тастайтын сүндеттелуден, яғни Мәсіхтің сүндттеуінен өттіңдер.
12Сонда Онымен бірге жерленіп, Онымен бірге батырылып, су шомылудан өтіп, одан кейін Оны өлімнен қайта тірілтіп алды деген Құдайдың құдіретті ісіне сену арқылы Онымен бірге қайта тірілдіңдер.
13Өйткені сендер кезінде жасаған күнәларыңның арқасында өлі болған сендерді, яғни тәни сүндеттелмеген сендерді Құдай Онымен бірге қайта тірілтіп алып, біздің жасаған күнәларымыздың бәрін Ол кешірді, сөйтіп
14қолжазбада бізге қарсы жазылған ережелердің күшін жойып, оны біздің ортамыздан алып тасату үшін, оны айқышқа апарып шегеледі.
15Осы арқылы Ол басшылар мен билік иелерін қарусыздандырып, Ол Өзінің жеңісін осылай ашық жариялап, оларды әшкерелеп, салтанатты шеруде олардың тұтқында екенін көрсетті.
16Сондықтан ешкім сендерді ішкен астарың мен сендердің ішкен сусындарыңа бола, немесе сендердің олардан бөлек өткізген мейрамдарыңа бола, немесе жаңа туылған айға бола, немесе сенбіде істеген істеріңе бола, сендерді сотап, сендерді айыптамасын,
17өйткені мұның бәрі тек келуге тиісті болған нәрсенің, яғни Мәсіхтің денесінің көлеңкесі ғана болатын.
18Сендердге өзінің кішіпейілдігін көрсетіп, құдайшыл болып періштелерге табынып, өз еркімен жүргендер сендерге қарсы шығып үкім айтпасын, өйткені олар тек өз көрініс, өз көзқарастарымен жүргендіктен, олар тек өздерінің ескі табиғатына сай ойларын дәріптейді.
19Себебі, олар бүкіл дене мүшелерін өзара бірін-бірімен байланыстырып, бір-біріне қолдау көрсетіп, оларды өзара бір-бірімен қосып біріктіріп, басқарып тұратын бас екенін, ал дененің өсіп-өнуі Құдаймен байланысты екенін елемейді.
20Сонымен егер де сендер Мәсіхпен бірге өліп, өздеріңді осы әлемге жоқпыз деп санасаңдар, онда сендер неге осы әлемнің тұрғындары секілді, қайдағы бір ережелерге бағынып,
21мынаны ұстама, ананы жеме, анаған тиіспе деген нұсқауларын орындап жүрсіңдер.
22Ал бұлардың бәрі адамдардың өсиеті мен тәлімдерінен туындаған ереже ғана сондықтан, олар жойлып, жарамсыз болып жойылып кетеді емес пе?
23Бұл сөздің қайсын алсаң да, сырт көзге дана болып көрінеді, негізі бұл өз еркіне табынушылық болып саналады, өйткені мұнда өзін-өзі өте төмен ұстаумен, өзін лайықсыз күйге түсіретін сезімдер мен ойлар жатыр, осы арқылы олар денені аяусыз қатал ұстайды, яғни бұл нәрсе тәндік нәрсені ғана дәріптейді, сондықтан оның ешқандай да пайдасы жоқ.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.