Қорынттықтарға 2 10 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Мен, Пауыл, сендерді Мәсіх арқылы келетін кішіпейілдік пен мейірімділікке шақырамын, бір кездері сендермен бірге болып, өздеріңмен етене жақын жүргенде кішіпейіл болдым, енді мен өздеріңнен жырақта жүргенде, бір батылдық пайда болды.

2Сол үшін мен сендерден мынаны өтініп сұраймын: өздеріңе келген кезде, бізді тек тәннің жетегінде жүреді деп, сынға алатын кейбір адамдарға осы батылдығымды қатаң түрде қолдануға мәжбүр болып жүрмейін.

3Біз осы дүниеде денемізде өмір сүрсек те, осы әлеммен күресте денемізді пайдаланбаймыз.

4Өйткені біздің қаруымыз денеміз емес, біздің қаруымыз Құдайдың күшінде, сол арқылы бекіністер мен мәнсіз ойпікірлерді талқандап бұзамыз,

5сонымен қатар, өзін басқалардан жоғары санап, ал Құдайды танып-білуге қарсы тұратын әрбір ой-пікірге «құрық салып, оны жүгендеп, басын тұқыртып», оларды Мәсіхке бағындырамыз.

6Осылай сендер толық мойынұсынатын мезгіл жеткенше, біз кез-келген бағынбаушылықты жазалауға дайынбыз.

7Сендер тек сыртқы бейнесіне ғана қарап, баға бересіңдер. Егер кімде-кім өзінің Мәсіхтікі екеніне аса сенімді болса, өзіне-өзі тағы да баға берсін, себебі ол сияқты біз де өзімізді Мәсіхтікіміз деп санаймыз.

8Егер де менің мақтануым сендерге ерекше болып көрінсе, бұл тек Иеміздің билігімен байланысты мақтаныш, өйткені Ол маған билікті сендерді құрту үшін емес, сендерді жетелеп, жетілдіріп, нығайтып, аяқтарыңнан тік тұрғызу үшін берді, мен бұл үшін еш ұялмаймын.

9Осы жолдау хат арқылы сендерді қорқытайын деген ойдан аулақпын.

10Себебі кейбіреулер мен туралы: «Жолдау хаттарында өзін салмақты әрі күшті етіп көрсеткенімен, ортамызда болғанда өзі де әлсіз, сөзі де мәнсіз», - дейді екен.

11Сондықтан бізді сыртымыздан сынап жүргендерге айтарым: жандарыңда жүрмей, алыста болсақ та, өздеріңе жіберген жолдау хатта жазған сөзіміз қандай болса, бірге болғанда жасайтын іс-әрекетіміз де дәл сондай болатынын естеріңе салғым келеді.

12Өйткені біз өздерін басқалардан аса маңызды етіп көрсеткісі келетін адамдармен өзімізді салыстыра да алмаймыз, не олармен теңесе де алмаймыз, оған батылымыз да бармайды. Алайда олар өздерін немен өлшеп, немен пішіп, немен салыстырып жүргендерін өздері де түсінбейді.

13Ал біз өзімізді тым асыра мақтағымыз да келмейді, біз Құдайдың Өзі өлшеп әрі белгілеп берген өлшемімен жүреміз, алайда Құдайдың бұл өлшемі сендерге де арналған.

14Біз сол белгіленген мөлшердің шегінен тыс шығып кетпейміз, егер сөйтсек, біз сендерге жақындай алмас едік, Мәсіхтің Ізгі хабарын да сендерге бірінші болып біз жеткіздік.

15Сонымен қатар, біз басқалардың өз өлшемдерімен жасап жатқан істерін де мақтай алмаймыз. Сендердің өсіп келе жатқан сенімдеріңе қарап, Құдайдың осы берген өлшемінің ауқымы бұдан да кеңейіп, біздікінен де асып түседі деп үміттенеміз.

16Егер осылай болсын десек, бұл Ізгі хабарды өздеріңнен алыс орналасқан елдерге сендердің таратуларың қажет, сонда басқалардың атқарып қойған дайын істерін иемденіп алып, мақтануды доғарамыз.

17«Кім мақтанатын болса, тек Иемізбен ғана мақтансын».

18Өйткені өзін-өзі мақтаған емес, Иеміз кімді лайық деп санаса, сол мақтауға лайықты.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help