Елшілер 24 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Бес күн өткеннен кейін, қасына бірнеше ақсақалдар мен сөзге шешен Тертул атты біреуді ертіп, Анания келді. Пауылға қарсы шағым айтып, аймақ басшысына барған осылар болатын.

2Пауылды шақыртып алған соң, Тертул өзінің айыптауын былай бастады: -Ұлы мәртебелі, Феликс! Мына халық сенің көрегенділігіңнің арқасында тыныштыққа молынан кенеліп, көптеген игілік пен жетістікке жетті.

3Біз сол үшін барлығына ризашылығымызды білдіріп, осыны қабылдаймыз әрі мойындаймыз.

4Сонымен, мен уақытыңды алмас үшін, сенің мейірімділігіңе сүйене отырып, біздің қысқа өтінішімізді тыңдауыңды қалаймын.

5Біз мына бір адамды бүкіл әлемге жалған ілімін таратып жүрген назарейліктердің басшысы санаймыз. Себебі ол осындағы яһудейлердің арасына кіріп алып, іріткі салып, оларды бүлікке шақырып жүр.

6Сонымен қатар, ол ғибадатхананы арамдауға әрекет жасады, сол кезде біз оны ұстап алдық.

7Сол кезде мыңбасы Лүси келіп, бізге күш көрсетті, оны бізден тартып алып, осында саған жіберіп отыр.

8Енді сен оны тергеген кезде, біздің оған қандай айып тағып отырғанымызды түсінетін боласың.

9Онымен бірге еріп келген яһудейлердің барлығы бұл айтылғанды шындық деп қолдады.

10Бір кезде аймақ басшысы Пауылға сөйлеуге белгі берді. Сонда Пауыл былай деді: -Осы халыққа сен көптен бері билік жүргізіп, төрелік жасап жүргеніңді мен білемін, сондықтан сенің алдыңда мен өзімді-өзім қорғауға қуаныштымын.

11Менің Иерусалимге Құдайға табыну үшін келгеніме он екі күннен асып бара жатқанына көз жеткізу саған қиын емес.

12Менің айыптаушыларым өздері айтып тұрғандай, менің біреумен ғибадатханада дауласқанымды немесе бүлік шыққан жерде, синагогада, немесе қалада халықты жамандық жасауға шақырғанымды көрген жоқ.

13Сондықтан олар дәл қазір маған тағып тұрған айыптарының ешқайсысын да дәлелдей алмайды.

14Олардың жалған тәлімнің жолымен жүр деп айтқанына келетін болсақ, мен Заңда жазылғанның бәріне, Пайғамбарлар кітабында жазылғанға да сенемін және соған сенім артып, ата-бабаларымыздың Құдайына қызмет етіп келемін.

15Өйткені Құдайдың әділдерді де, әділетсіздерді де өлімнен қайта тірілтіп алатын кезі болады, соған үміт артамын, ал соның болатынын олардың өздері де мойындайды.

16Сондықтан мен Құдайдың алдында болсын, адамдардың алдында болсын, барлық уақытта да ар-ұжданымды таза ұстауға жаттығып, тырысып жүрмін.

17Көп жылдардан кейін мен халқыма қайырымдылық жасап, арнайы тарту әкелмек болып, Иерусалимге келдім.

18Тазару рәсімін жасауға ғибадатханаға келген кезде, олар менімен кездесіп қалды. Сол жерде ешқандай бүлік, шу шығаратын топ та болған емес.

19Азия өңірінен келген кейбір яһудейлердің маған тағатын айыбы болса, олар оны осында, сенің алдыңда, айтқандары дұрыс болады.

20Мен синедерионның алдында тұрған кезде, олар менен қандай әлділетсіздік тапты, соны айтып берсін.

21Мен сол жерде тұрып: «Бүгін мені өлгендер қайта тіріледі деп айтқаным үшін соттап жатқан шығар?» -дегеннен басқа ештеңе айтқан жоқпын.

22Сонымен, Феликс болған жағдай туралы толық ақпарат алып, бәрін біліп алғаннан кейін: - Оларға бұдан әрі не істеу керек екенін мыңбасы Лүси келгеннен кейін айтамын, алдымен одан сол туралы сұрап білейін, -деп, істі кейінге қалдырды.

23Осыдан кейін жүзбасына оны күзетуді және оның еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беріп, оған келіп қызмет етем дегендердің ешқайсысына кедергі жасамауға бұйырды.

24Бірнеше күн өткен соң, Феликс өзімен бірге Друзила есімді әйелін ертіп келді, оның әйелі яһудей болатын. Олар Пауылдың Иса Мәсіхке деген сенімі туралы есту үшін адам жіберіп, оны алдыртты.

25Әңгіме әділдік пен ұстамдылық және болашақта болатын сот туралы болды, соны естіген кезде Феликсті қорқыныш биледі, сонда ол: -Енді бара бер! Уақыт келгенде, сені тағы да шақыртамын, - деді.

26Ол Пауыл ақша беретін шығар деп үмітпен оны жиіжиі алдыртып, оның әңгімесін тыңдайтын.

27Осыдан екі жыл өткенде, Феликстің орнына Порси Фест келіп отырды. Феликс яһудейлерге жағымсып, оларға жақсы көріну үшін, Пауылды сол байланған күйі абақтыда қалдырды.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help