1Ал енді мына мен де өздерің секілді асақалдар алқасының қатарына жатамын, әрі Мәсіхтің көрген азабына куәгер болдым, әрі болашақта Оның даңқының ашылатынын жария етіп жүргендермен біргемін, сондықтан жетекші болып жүрген ақсақалдар алқасы өздеріңнен мынаны өтінемін:
2өздеріңе берілген Құдайдың кішкентай отарына қамқор болып, оны тек соны істуге мәжбүр болғандықтан емес, кересінше оны Құдайдың еркіне беріліп, өз бастарыңның қамы үшін емес, керісінше ізгі ниетпен бағыңдар,
3әрі олардың үстінен үстемдік жасап билік жүргізбей, оның орнына оларға үлгі болыңдар.
4Себебі, Бас бағушының Өзі қайтып келген кезде даңқы ешқашан солмайтын тәж аласыңдар.
5Сол секілді жастар да, жетекші ақсалдарға мойынұсынып бағыныңдар. Өзара бір-біріңе мейіріммен қарап, кішіпейілділікке ұмтылыңдар, өйткені Құдай өркөкіректік танытқандарға қарсы тұрады да, ал кішіпейілділерге рақымды болады.
6Құдіреті күшті Құдайдың қолының астында өздеріңді төмен ұстаңдар, сонда Ол сендерді өз уақытында көтеріп, жоғарлатады.
7Барлық уайымдарыңды Құдайға артыңдар, өйткені сендердің қамдарыңды ең алдымен Құдай ойлайды.
8Сергек те, парасатты да, саулауатты болыңдар. Өйткені сендерге қарсы тұратын жау -сайтан, кейбіреулеріңді жұтып қою үшін арыстандай ақырып іздеп жүр.
9Ал сендер оған нық сеніммен қарсы тұрыңдар, өйткені өздерің де білесіңдер осы әлемде жүрген өздерің секілді өзге де бауырластар, осы азапты өз бастарынан дәл осылай өткізуде.
10Алайда сендердің көретін азаптарың аз ғана уақытқа созылады, себебі Құдай сендерді Өзі тұрғызып, Өзі көтеріп, Өзі нығайтып, Өзі күш беріп, сендерді шайқалмайтындай жасайды, өйткені Құдайдың рахымы бәріне ортақ, себебі Оның мақсаты: Өзінің мәңгілік даңқымен Иса Мәсіхте шақырылғандармен бөлісу болатын.
11Сондықтан Оның құдіретті, күшті күші ғасырдан-ғасырға жасай берсін. Аумин!
12Өздерің сенімді деп санайтын Сыйлас бауырымыз арқылы, аз да болса сендерді нығайту үшін, әрі өздеріңе куәлік болсын деп, өз ойымды жазып отырмын, сондағы айтарым: -Құдайдың шынайы рахымы дегеніміз -міне осы, соны берік ұстаныңдар.
13Бабылда жүргенде бірге болған ұлым Марқада да сендерге сәлем жолдайды.
14Өзара бір-бірлеріңмен амандасқан кезде, бір-біріңнің бетеріңнен сүйіп, бір-біріңе сүйіспеншілік көрсетіңдер. Мәсіхтің тыныштығын барлығына тілейміз!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.