Жохан 1 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Ол әуел бастан бар болатын, біз Ол туралы естідік, Оны біз өз көзімізбен көрдік те, әрі Ол өмір сөзі болғандықтан, біз Оған анықтап қарап, Оны қолымызбен ұстап та көрдік,

2себебі Ол өмір болып бізге келді, біз Оны сол кезде көрдік, сол себептен біздің куәлігімізде Сол туралы болады, өйткені біз сол мәңгілік өмір туралы сендерге ашық айтып әрі жария етіп отырмыз, себебі Ол өмір Әкеде болатын, енді Ол бізге келді.

3Енді біз өзіміз көріп, өзіміз естіген хабарды өздеріңе жеткіздік, сондағы біздің көздеген мақсатымыз: сендер бізбен бірге қарым қатынаста болса екен дейміз. Себебі біз де Әке мен Оның Ұлы Иса Мәсіхпен қарым қатынаста тұрмыз.

4Ал біз өзімізді қуанышқа толтыру үшін осыны сендерге жазып отырмыз.

5Себебі біздің одан естіген ізгі хабарымыз мынау: Құдай Ол -Жарық, Оның бойында түнек болған емес, біздің сендерге жария еткеніміз, міне - осы.

6Ал егер де біз, Онымен біздің қарым қатынасымыз бар деп айтып алып, алайда өзіміз түнекте жүретін болсақ, онда бізде шындықтың болмағаны, яғни біздің айтқанымыз -өтірік.

7Ал егер де біз жарықта жүретін болсақ, яғни Ол секілді жарықта жүрсек, онда біз бір-бірімізбен қарым қатынаста тұрмыз және Оның, Ұлы Исаның, қаны бізді барлық күнәмыздан тазартады.

8Ал егер де біз өзімізге-өзіміз «біздің күнәміз жоқ» деп айтатын болсақ, онда біз өзімізді-өзіміз адастырып, жолдан шығарып жібердік, онда бізде шындықтың болмағаны.

9Ал егер де өз күнәларымызды мойындайтын болсақ, онда Ол әрі адал, әрі әділетті болғандықтан, Ол біздің күнәларымызды кешіреді, әрі Ол бізді барлық әділетсіз істерімізден тазартады.

10Ал егер де біз «күнә жасған жоқпыз» деп айтсақ, онда біз Оны өтірікші етіп көрсетеміз, яғни Оның сөзі-біздің жүрегімізден орын алған жоқ.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help