Еврейлерге 7 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Мәліксадық Сәлімнің патшасы әрі мәңгі тірі Құдайдың бас қызметкері болды. Ыбырайым патшаларды жеңіп, еліне қайтып келе жатқанда, Мәліксадық оның алдынан шығып, қарсы алды, жарылқап, оған батасын берді.

2Ыбырайым өзінде бардың бәрінің оннан бір бөлігін оған бөліп берді. Мәліксадықты сол кезде, ең алдымен, «әділдіктің патшасы», сосын «Салимнің патшасы» деп атайтын, егер мұны толық аударатын болсақ, «тыныштық әкелуші патша» деген мағынаны береді.

3Оның не әкесі, не анасы, не ата-тегі және оның өмірінің қашан басталып, қай кезде аяқталғаны бізге белгісіз, бірақ ол Құдайдың Ұлына ұқсас болды, сондықтан Ол Құдайдың мәңгі қызметкері болып қала береді.

4Оның мәртебесінің қандай биік болғанын көрдіңдер ме!? Міне, сондықтан біздің түп атамыз Ыбырайым оған өзінің алғашқы табысының ең жақсысын таңдап, бөліп берді.

5Ал Леуінің ұлдарына келсек, олар өздеріне жүктелген қызметті Таурат заңының талаптарына сай атқаруға тиіс болған, сол үшін олар өздеріне берілетін ондықты халықтан, яғни, өздері сияқты Ыбырайымның ұрпағынан тараған бауырластарынан алатын.

6Мәліксадық болса, Ыбырайымның өзі берген және леуіліктерге еш қатысы жоқ ондықтан алды, сонда Ол Құдайдың уәдесіне ие болған Ыбырайымды жарылқап, оған батасын берді.

7Бұл жерде ешқандай қарама -қайшылық жоқ, өйткені кім үлкен болса, сол өзінен кішіні жарылқап, бата береді.

8Ал енді қазіргі жағдайға келер болсақ, әдетте оннан бір бөлікті өлетін адамдар қабылдайды, ал ол кезде мәңгі өлмейді деген Мәліксадықтың өзіне берілді.

9Леуіліктердің халықтан алып жүрген ондығы Ыбырайым арқылы Мәліксадыққа берілді деп айтсақ та болады,

10өйткені Ыбырайым Мәліксадықты кездестірген кезде, Леуінің ұрпақтары Ыбырайымның белінде болған еді.

11Сонымен, егер де Заңның талаптарына сай пайда болған қызмет леуіліктер арқылы адамдарды толыққанды кемелділікке жеткізе алатын болса, онда Аронның дәрежесіндей емес, Мәліксадықтың атақ-дәрежесіне сай, басқа бір бас қызметкерді өлімнен қайта тірілтіп алудың қажеті бар ма?

12Егер де Құдай мен адамдардың арасын байланыстыратын қызметтің бағытын өзгерту қажет болса, онда берілген Заңды да өзгерту қажет болады.

13Мәсіхке байланысты айтатын болсақ, Оның шыққан тегі басқа, сондықтан оның руынан ешкім құрбандық шалатын орынның басында қызмет еткен жоқ.

14Біздің Иеміздің яһудей руынан шыққаны бәріне белгілі, сол рудың атқаратын қызметі туралы Мұса еш нәрсе айтқан жоқ.

15Сонымен, нақты қойылатын талап мынау: егер Мәліксадыққа ұқсас басқа біреуді осы қызметке тағайындау қажет болса,

16онда Оның бойында тек Заңның өсиеттерін орындайтын тәндік қасиет емес, ешқашан сарқылмайтын өмір күші болуы тиіс екені түсінікті болып тұр.

17Бұған: «Сен Мәліксадықтың атақ-дәрежесіне сай мәңгі Бас қызметкерсің», - деп айтылған куәлік дәлел болады.

18Сондықтан алғашқы берілген өсиет әлсіз әрі пайдасыз болды,

19Заң еш нәрсені жетілдірген де, кемелділікке жеткізген де жоқ, ал жаңадан енгізілген Жаңа келісім бізге үміт береді, міне, сол арқылы біз Құдайға жақындай аламыз.

20Қалай десек те, бұл жерде антсыз еш нәрсе орындалмайды, өйткені сол кезде де Құдайға ант бермейақ қызмет атқарған қызметшілер болды.

21Бұл қызмет Құдайдың берген анты арқылы келді, себебі Құдай Оған: «Ием былай деп ант берді, Ол бұдан бас тартпайды: Сен мәңгі тірі Бас қызметкер боласың», -деп Ұлы арқылы айтқызды.

22Сондықтан бұрынғыдан жақсы әрі Жаңа келісімнің кепілі-Иса.

23Құдайдың қызметін атқарып жүрген бас қызметкерлердің саны өте көп болды, бірақ олар сол қызметті одан әрі жалғастыра алмайтын, себебі олар қайтыс болып кететін.

24Ал Иса ғасырдан ғасырға, яғни, мәңгілікке бірінші Бас қызметкер болып қала береді, сондықтан Оның атқартын қызметі ешқашан бұзылмайды әрі ешкімге берілмейді.

25Ол сол жерде тұрып-ақ Өзі арқылы Құдайға жақындағандарың бәрін толығымен құтқарып алады, себебі Ол -оларға арашашы бола алатын мәңгі тірі бірінші Бас қызметкер.

26Бізге дәл осындай, киелі, ешбір зұлымдығы жоқ, мінсіз, таза, күнәкарларға елікпейтін, Көкке көтеріліп кеткен Бас қызметкер қажет.

27Енді Оған бұрынғы бас қызметкерлер сияқты, ең алдымен, күнде өзінің жасаған күнәлары үшін, одан кейін бүкіл халықтың күнәлары үшін құрбандық шалудың қажеті жоқ. Өйткені Ол бір рет және мәңгілікке Өзін қайталанбайтын құрбандық ретінде ұсынды.

28Заң бойынша бас қызметкерлікке табиғатынан әлсіз, қарапайым адамдар тағайындалатын, ал Заңнан кейін антпен бекітілген Құдайдың сөзі Өзінің Ұлын мәңгілікке бірінші Бас қызметкер етіп бекітті.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help