Римдіктерге 9 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Мәсіхтің құлы ретінде айтқандарым өтірік емес, шындық, бұған менің ар-ұжданым мен Киелі Рух куә.

2Менің бір үлкен қасіретім бар, содан жүрегім үздіксіз ауырып, сыздайды.

3Өйткені мен өзімнің тәни бауырлас туыстарым үшін мінәжат етіп жүрсем де, олар үшін Мәсіхтен бас тартуға да дайынмын.

4Олар-исраилдіктер, өйткені Құдайдың оларды балалары ретінде қабылдауы да, Оның даңқы мен өсиеті де, берілген Заң да, қызмет те, Құдайдың уәдесі де,

5олардың өздері де, әкелері де және Мәсіх те соларға тән. Сондықтан бәрін жаратқан Құдай ғасырдан ғасырға жарылқана берсін! Аумин!

6Құдайдың сөзі өз күшін ешқашан жоғалтқан жоқ. Исраилден шыққандардың бәрі бірдей исраилдік болып қалмайды ғой.

7Ыбырайымнан тараған ұрпақтардың бәрі де оның балалары емес қой, керісінше, оған: «Сенің ұрпағың Ысқақтан тарайды», - деп нақты жазылған болатын.

8Сондықтан бұлар тәннен туған балалар емес, енді Құдайдың балалары болып саналады, себебі тек уәде бойынша дүниеге келген балалар ғана ұрпақ болып саналады.

9Уәде мынадай сөзбен берілген: «Мен белгілі уақытта келемін, сол кезде Сара ұлды болады».

10Тек бұл ғана емес, сонымен қатар, біздің бабамыз Жақыппен некеде болған Рабиғамен де солай болды.

11Ол әлі де босанбай тұрып және олар әлі де жақсылық пен жамандықты жасамай тұрып, Құдай алдын ала таңдау жасады,

12Оның таңдауы олардың іс-әрекетіне байланысты емес, сондықтан Рабиғаға: «Үлкені кішісіне қызмет ететін болады», - деп Шақырушының Өзі айтқан болатын.

13Бұл жайында Жазбада былай жазылған: «Мен Жақыпты жақсы көрдім, Есауды жеккөрдім».

14Сонымен, бұған не дейміз? Сонда Құдайдың әділетсіз болғаны ма? Жоқ!

15Құдай Мұсаға былай деген: «Менің кімге мейірімім түссе, соған мейірімді боламын, кімді есіркегім келсе, соны есіркейтін боламын».

16Демек, Құдайдың мейіріміне ие болу аламның қалауына немесе талпынысына байланысты емес, тек Құдайдың мейіріміне байланысты.

17Киелі Жазбада Ол перғауынға: «Мен сені Өзім қолдап, көтермелеп отырдым және Менің атымның барлық жерге жайылғанын қалап, Мен Өз күшімді тек саған ғана көрсеттім», - деген болатын.

18Сондықтан Ол кімді қаласа, соған мейірімін көрсетеді, кімді қаламаса, соны қасарыстырып қояды.

19Алайда біреу маған: «Құдай онда не үшін бізді айыптайды? Кім Оның еркіне қарсы шыға алады?» -дейтін шығар.

20Ей, адам баласы, Құдайға қарсы шығатындай сен кімсің соншама? Балшық өз илеушісіне: «Неге мені осылай істедің?» - деп айта ала ма?

21Әлде құмырашының сол балшықтан құрметке лайықты бағалы, ал басқасынан құрметке лайықсыз ыдыс жасап шығаруына қақысы жоқ па?

22Егер де Құдайдың қалауы Өзінің қаһарын көрсету болса, Оның сол қаһарынан құрып кетуге тиіс адамға үлкен шыдамдылық танытып,

23Оның алдын ала дайындап қойған даңқына сол адамдардың да ие болатынын көріп-білсін деп, Өзінің даңқының байлығынан оларға мейірімін төкпек,

24сондықтан да ол яһудейлерің арасынан тек бізді ғана шақырып қоймай, өзге ұлттың өкілдерін де Өзіне шақырып алды емес пе?

25Осы туралы Ошия пайғамбар арқылы: «Халқым еместі халқым, ал сүймегенімді сүйіктім деп атайтын боламын»

26және «Сендер Менің халқым емессіңдер деп айтылған жерде енді тірі Құдайдың балалары деп аталатын боласыңдар», - деп айтылған.

27Ишая пайғамбар Исраил туралы дауыстап былай деген: «Егер де Исраил ұлдарының саны теңіз жағасындағы құмнан көп болса да, оның біразы ғана құтқарылады.

28Себебі Жаратқан Ие жер бетіндегі ісін Өз сөзімен аяқтайды әрі кесіп-пішеді».

29Ишая пайғамбар алдын ала былай деп те айтып кеткен: «Егер де Иеміз Саваоф бізге ұрпақ қалдырмағанда, онда біз Содом секілді құрып, Ғомора секілді жоғалып кетер едік».

30Сонымен, не айтамыз? Сөйтіп, әділдіктің жолына ұмтылмаған халық сенім арқылы келетін әділдікке ие болды.

31Ал заңды орындау арқылы әділдікке ұмтылған Исраил сол күйі әділдікке қол жеткізе алмады.

32Не үшін? Өйткені сенімге емес, істеген істеріне сүйенді. Сөйтіп, олар «сүріндіретін тасқа» сүрініп құлады.

33Бұл жайында Жазбадағы: «Міне, Мен Сионға сүріндіріп құлататын Тасты қойдым, кім Оған сенсе, сол ұятқа қалмайды», - деп жазылғанмен сәйкес келді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help