1Сол секілді, әйелдер де өздеріңнің күйеулеріңе бағыныңдар, себебі егер де олардың кейбіреулері сөзге мойынұсынбайтын болса, онда олар сол әйелдердің өміріндегі мойынұсынушылықты көріп, сол арқылы олар сөзсіз Исаның иелігіне айналатын болады,
2себебі олар сендердің Құдайдан қорқатындарыңды, соған сай өмір сүріп жатқан таза өмірлеріңді көреді.
3Сондықтан, сендердің көріктеріңді кіргізетін сыртқа өрілген шаштарың мен басқа тағатын алтын немесе осы әлемнің сыртқа көрсету үшін киетін әдемі киімдері емес,
4керісінше көріктіліктің құпиясы адам жүрегінің шіріп кетпеуінде, ол мейірім мен сабырлы рухтың жемісі, яғни осы мінез-құлық Құдайдың алдында аса бағалы болып саналады.
5Себебі өткен кездердегі Құдайға сеніп, киелі атанған әйелдер өздерін осылай әрлеп-сәндеп, өздерінің күйеулеріне бағынып өмір сүретін, сөйтіп олар
6Ыбырайымды тыңдап, оны мырзам деп атаған Сара секілді болды. Енді сендер де ешкімнен қорықпай-ақ, ешқандай да қорқынышсыз сондай жақсы іс-әрекетті жасай беріңдер.
7Ал енді, күйеулер, сендердің де тұрмыс-салттарың олармен бірге өтетінін білесіңдер, сондықтан парасатты болыңдар, оларды бір нәзік ыдыс ретінде бағалап, оларғада өздерің секілді рақымға толы өмірдің мұрагерлері ретінде қараңдар, сонда сендердің мінәжаттарыңа ешқандай кедергі болмайды.
8Ақырына келгенде барлықтарың бір ойлы, бір-біріне жаны ашитын, бауырларын сүйетін, мейірімді, жылы жүзді,
9Зұлымдыққа, зұлымдықпен немесе ұрыс керіске, ұрыс керіспен емес, керісінше жарылқау сөздермен жауап беретін болыңдар, өйткені сендер жарылқау батаға ие болып оны мұра ету үшін шақырылдыңдар.
10Өйткені кім өмірді жақсы көрсе, әрі күндерінің жақсы болғанын қалайтын болса, онда ол тілін жамандықтан тыйып, қулық-сұмдықты ауызбен айтуды доғарып,
11зұлымдықтан аулақ жүрсін, тек жақсылық жасауға ұмтылсын, әрі бейбітшілік іздеп соның жолын қусын.
12Себебі Иеміздің көздері тек әділдерге түседі, ал мінәжат етіп жүргендерге Ол құлақтарын түреді, ал Иеміз бет жүзін зұлымдық жасайтындарға бұрады.
13Ал енді егер де сендер тек жақсылық жасаушыларға айналып кетсеңдер, онда кім сендерге зұлымдық жасай алады?
14Алайда сендер керісінше әділетті болғандарың үшін азапталатын болсаңдар, онда сендер бақытты күйдесіңдер. Олардан келетін қорқынышқа берілмей, әрі қобалжымай,
15өз жүректеріңде Иеміз Мәсіхті қастерлеп, сендердің үміттерің жайлы әркім сұрап жатса, соған әрқашан да жауап беруге дайын болыңдар,
16алайда оны кішіпейілділікпен таза ар ұятпен істеңдер, сонда сендердің Мәсіхтегі ізгілікті өмір салттарың үшін сендерді өсектеп жаман атты қылатындар, өз істеріне ұялатын болады.
17Негізінде ең жақсысы-жақсылық жасау, ал егер де Құдайдың еркі бойынша азап шегетін болсаң, зұлымдық жасағаннан көрі сол жақсы.
18Өйткені Мәсіх біздің күнәларымыз үшін, әрі әділетті болған Ол әділетсіз болғандар үшін бір-ақ рет азап шекті. Ол мұны сендерді Құдайға жақындату үшін істеді, сол үшін Ол тәнінде өлтіріліп, Ол Рухпен қайта тірілді.
19Сондықтан Ол қапаста отырған рухтарға барып соны жариялады,
20өйткені олар өткен кезеңде, яғни Нұқтың кеме құрастырып жатқан күндері Құдайға мойынұсынбағандар. Құдай оларға төзімідік көрсетіп көп күтті, алайда олардың арасынан сегіз-ақ жан су арқылы құтқарылып шықты.
21Сондықтан сендерді құтқарып алу үшін, сол үлгіде сендер өтіп жүрген суға батырып шомылдыру денедегі кірді тазалап жуып тасауды білдірмейді, керісінше ол Құдайға берген уәде болып саналады, сол арқылы біз арұятымыздың тазарғанын, әрі құтқарылуымыз Иса Мәсіхтің өліп қайта тірілгені арқылы болғанын білдіреміз.
22Міне, сондықтан Ол көкке көтеріліп кетті де, одан кейін Ол Құдайдың оң жағына барып отырды, енді Оған періштелер де, билік иелері де, күштің иелері де бағынатын болады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.